Главная Новости Екібастұздағы апатты жоюға қатысқан энергетиктер марапатталды
04 мамыр 2023, 08:04 1122

Екібастұздағы апатты жоюға қатысқан энергетиктер марапатталды

Екібастұздағы апатты жоюға қатысқан энергетиктер марапатталды

Екібастұз қаласындағы қыстың қақаған аязында орын алған төтенше жағдайды жою барысындағы жанқиярлық жұмысы үшін ҚР Президентінің ордендерімен және алғыс хаттарымен «Самұрық-Энерго» АҚ Екібастұз энергокешенінің өкілдері: «Богатырь Көмір» ЖШС, «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ атап өтілді.

ҚР Президентінің алғыс хаттарын: «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ Басқарма төрағасы Жандос Медеуов және станцияның гидротехникалық құрылыстар және жерасты коммуникациялары цехының бастығы Мұрат Садықов; Екібастұз ГРЭС-1-нің жалпы мәселелер жөніндегі Басқарушы директоры Талғат Испулов және жөндеу басқармасының бастығы Ардақ Қайырбаев; «Богатырь Көмір» ЖШС энергиямен жабдықтау дирекциясының инженерлік желілерге қызмет көрсету учаскесінің бастығы Анатолий Остромецкий алды. ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен ЕГРЭС-1 бас директоры, Павлодар облысы мәслихатының депутаты Ержан Ертаев марапатталды.

Бұған дейін наурыз айында Екібастұз қаласында ТЖ жоюға қатысқаны үшін Екібастұз ГРЭС-2 қызметкерлері «Ерен еңбегі үшін» медалімен: Ластовский Петр - орталықтандырылған жөндеу цехының электр газбен дәнекерлеушісі; Медибаев Аслан - орталықтандырылған жөндеу цехының электр газбен дәнекерлеушісі; Мусапиров Сағадат - электр цехының электр слесарі; ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Құрмет грамотасымен: Қалиев Мейрам - орталықтандырылған жөндеу цехының шебері; Балтенов Жасқайрат - гидротехникалық құрылыстар және жерасты коммуникациялары цехының газ кескіші марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, «Самұрық-Энерго» АҚ және оның Екібастұз энергокешеніндегі компанияларының энергетиктері барлық қазақстандықтармен бірге Екібастұз қаласының тұрғындарына көмек көрсетті. Ұйымдастырылған жұмыс екі бағытта жүргізілді – тікелей жылу құбырлары қатып қалған тұрғындарға көмек көрсету, сондай-ақ энергетика мамандарының қалалық ЖЭО-дағы апатты жоюға белсенді жәрдемдесу.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: