Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Қазына» қорының сатып алу жүйесі халықаралық деңгейде мойындалды. Жетекші халықаралық қаржы институты – Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) енді инвестициялық жобаларды іске асыру барысында қордың сатып алу ережелері мен электрондық сатып алу алаңын қолданады. Осыған байланысты Өзара түсіністік туралы меморандумға «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов пен ЕҚҚДБ президенті Одиль Рено-Бассо қол қойды.
Меморандум «Самұрық-Қазынаның» сатып алу жүйесін халықаралық деңгейге шығаруда маңызды кезең болды. Қазақстан мен ЕҚҚДБ арасындағы ратификацияланған келісімге сәйкес, банк толық немесе ішінара қаржыландыратын жобалар бойынша сатып алулар ЕҚҚДБ-ның сатып алу қағидаларына сай және электрондық платформасында жүргізіледі. Бұл ретте ЕҚҚДБ қаржыландыратын жобаларда «Самұрық-Қазынаның» сатып алу ережелері мен электрондық сатып алу порталын қолдануға көшу – тарихи қадам. Бұл қордың сатып алу жүйесінің ЕҚҚДБ және басқа да халықаралық қаржы институттарының ашықтық, бәсекелестік, жеткізушілер үшін тең қолжетімділік, адалдық және тиімділік бойынша жоғары халықаралық стандарттарына толық сәйкес келуінің нәтижесінде мүмкін болды.
Қол қойылған құжат қордың сатып алу жүйесін дамытудың жаңа кезеңіне жол ашады. Бұған дейін ЕҚҚДБ «KEGOC»компаниясымен бірлескен жобаны іске асыру кезінде «Самұрық-Қазынаның» сатып алу жүйесін қолданған еді. Аталған меморандум осы тәжірибені бекітіп, Қазақстандағы ЕҚҚДБ қаржыландыратын алдағы жобаларда қордың сатып алу алаңы мен ережелерін жүйелі түрде қолдануға негіз болады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!