Главная Новости Экоакция игілікке үндейді
20 маусым 2022, 09:40 1133

Экоакция игілікке үндейді

Экоакция игілікке үндейді

«Қаражанбасмұнай» АҚ кеңсесінің қызметкерлері бірлесіп дәстүр бойынша эко-акцияға шықты.

Бұл жолы кесте бойынша саябақтарды абаттандыруға және көшеттерді суаруға кадр-әлеуметтік, сондай-ақ қаржылық блок қызметкерлері шықты.

Тобанияз ескерткішінің жанындағы саябақта қаражанбастықтар алдымен санитарлық тазарту жүргізді. Содан кейін жақында отырғызылған жас көшеттерді суаруға кірісті. Апта сайынғы күтім арқасында көшеттер сәтті тамыр алып, гүлдеді. Кадр-әлеуметтік және шаруашылық мәселелер бойынша мамандар жұмыстарды жауапкершілікпен атқарды.

Тарас Шевченко саябағында да сенбілік қарқынды жалғасты. ҚБМ қаржыгерлері алаңды кәсіби көгалдандырушылар сияқты баптап, арамшөптерден тазартып, гүлзарларды ретке келтіріп, көшеттерді суарды. Олар ұжымның сенбілікке дәстүрлі түрде шығатынын атап өтті. Бұл қоршаған ортаның тазалығына деген ұмтылыспен қатар қызметкерлерді әлеуметтік игі іске үндейді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: