Главная Новости Экономикалық тұрақсыздық жағдайындағы ең тұрақты транспорт
11 ақпан 2021, 11:05 695

Экономикалық тұрақсыздық жағдайындағы ең тұрақты транспорт

Экономикалық тұрақсыздық жағдайындағы ең тұрақты транспорт

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ 2020 жылы жүк тасымалының оң қарқының қамтамасыз етті және транзитті дамытудағы берілген трендті сақтай алды, деп хабарлайды SKnews компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылы жүк айналымы 2019 жылғымен салыстырғанда 3,5% артып, 231 миллионнан астам тонна-километрді құрады. Транзиттік жүкайналымы 39 миллиардтан астам тонна-километрді құраса, бұл өткен жыл көрсеткішінен 19,4% жоғары. Бұл ретте транзиттік қатынаста 876 мың жиырма футтық баламадағы (ЖФБ) контейнерлер тасымалданды. Бұл 2019 жылғыға қарағанда 31,8% көп.

ҚР Үкіметі мен «Самұрық-Қазына» Қорының қолдауымен борыш жүктемесін оңтайландыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды. ҚТЖ-ның «қатты» валютадағы міндеттеме үлесі 2019 жылдың  басындағы 57%-дан 2020 жылдың соңында 34%-ға дейін төмендеді.

2019-2020 жылдар бойында бизнес-процестерді автоматтандыру, орталықтандырылған қазынашылықты енгізу, айналымдағы капиталды бақылауды арттыру, компаниялар тобының қаржылық тұрақтылығын жақсарту арқылы кредиторлық берешектің 67 млрд теңгеге немесе 48%-ға төмендеуі қамтамасыз етілді.

Сатып алудың жылдық жоспары 100% орындалды. Бұл ретте, жұмыстар мен қызметтер бойынша жергілікті қамту үлесі 92%, тауарлар бойынша – 64% құрады.

Құрылымды оңтайландыру мақсатында 2020 жылы "ҚТЖ "ҰК" АҚ компаниялар тобынан жекешелендіру және дивестиция бағдарламаларына сәйкес 9 бөлімше шығарылды.

Компания жұмысын цифрландыру мен автоматтандыруға, бизнес-процестерді жетілдіруге, көрсетілетін қызметтердің экономикалық тиімділігін көтеруге бағытталған цифрлық трансформация жобалары табысты жүзеге асырылуда.

2021 жылы Компанияда қаржылық тұрақтылық мәселелерін шешу және операциялық қызметтің тиімділігін арттыру бойынша жұмыс жалғасады.

Биылғы жылға арналған негізгі міндеттердің бірі – тасымалдау көлемін ұлғайту және транзитті дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, өндіріс тиімділігін арттыру, трансформациялау және цифрландыру бағдарламаларын іске асыру және басқалары.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: