Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Әлеуметтік желілерде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қарасты кәсіпорындардың қызметкерлерін вакцина алуға міндеттеу және қызметкерлердің еңбек ету құқықтарын шектейтін шаралар қабылданғаны туралы жалған ақпарат тарауына байланысты компания вакциналау мемлекеттік науқанның аясында ерікте түрде жүзеге асырылатынын хабарлады.
«Ұлттық компания жауапты жұмыс беруші ретінде мемлекеттің халықты вакцинациялау бойынша жүргізіп жатқан жұмысын толықтай қолдайтынын атап өткен жөн. Себебі біз қызметкерлеріміздің амандығы мен денсаулығын сақтау мәселесіне ерекше назар аударамыз», - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
«ҚазМұнайГаз» компаниясында вакцинациялау мемлекеттік науқанның аясында ерікте түрде жүзеге асырылуда. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Әрбір азамат отандық QazVac, ресейлік Спутник-V немесе қытайлық Hayat-Vax вакцинасын таңдай алады. Екпені тұрғылықты жері бойынша емханаларда немесе «ҚазМұнайГаздың» өндірістік және әкімшілік нысандарында алуға болады. Бүгінгі таңда вакцинаны ұлттық компанияның мыңдаған қызметкерлері, оның ішінде басқарма төрағасы мен оның орынбасарлары салдырып үлгерді.
Әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпарат ішкі қызметтік хат алмасудың бір бөлігі болып табылады. Онда қауіпті індеттің алдын алу мақсатында қызметкерлерді вакцина алуға ынталандыру бойынша түрлі ұсыныстар жинақталған болатын. Қазіргі уақытта жауапты құрылымдық бөлімшелер осы және басқа да ынтыландыру шараларын жан-жақты қарастырып жатыр.
Айталық, қазіргі кезде екі компоненттің әрқайсысын алған барлық қызметкерлерге ақылы екі демалыс күні беріледі. Вакцина алған күні және одан кейінгі күні. Сонымен қатар, екпе алған қызметкерлер кен орындар мен кеңселерге ПТР-тестін тапсырмай кедергісіз кіре алады.
«ҚазМұнайГаз» өз тарапынан санитарлық талаптар мен еңбек заңнамасын сақтай отырып, өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдауды жалғастырады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
64
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
69
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы