Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Atameken Business арнасының «Басты тақырып» бағдарламасында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ жанындағы Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығының бас директоры Елдос Өмірзақұлы қонақ болып, Қорға қарасты компанияларда әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мен ішкі коммуникацияны реттеу тетіктері туралы әңгімеледі.
Қазіргі таңда «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында 265 мыңнан астам адам қызмет етеді. Оның басым бөлігі, дәлірек айтқанда, 243 мыңнан астамы – өндірістік жұмысшылар болса, әкімшілік басқару қызметкерлерінің саны – 22 мыңнан астам. Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығының бас директоры Елдос Өмірзақұлының айтуынша, орталықтың басты мақсаты – 158-ге жуық компанияның басын біріктіретін ірі құрылымда әлеуметтік ахуалға ұдайы зерттеу жүргізе отырып, тұрақтылықты қамтамасыз ету. Орталық осы мақсаттағы жұмыстарды 2013 жылдан бері сәтті жүргізіп келеді. Басты қағидалардың бірі – зерттеу сауалнамасына қатысатын респондент жұмысшылардың жеке мәліметтері мен берген жауаптарының құпия сақталатыны.
«Біздің орталықта «Самұрық-Қазына» Қорына қарасты барлық компания қызметкерлерінің деректері бар. Бұл мәліметтер жыл сайын жаңартылып отырады. 8 жылда зерттеу жұмысын қалыпты да тұрақты жүргізіп жатқанымыз – осынша ауқымды мәлімет қорын құпия ұстай білетінімізді көрсетеді», – деп атап өтті орталық басшысы.

Елдос Өмірзақұлы сұхбат барысында, сондай-ақ, әлеуметтік тұрақтылық индекстері, зерттеу әдістемелері, қызметкерлердің өтініштері мен арыз-шағымдарын тәулігіне 24 сағат қабылдауға арналған «Жедел желі» мен «Нысана» байланыс орталығының жұмысы туралы баяндады.
Сұхбаттың толық нұсқасымен төмендегі видео арқылы таныса аласыздар:
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
179
04 мая 12:07
ТХКБ халықаралық көлік дәлізінің маңызды бөлігі жаңғыртылды