Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Электр қондырғыларының үздіксіз, сенімді, қауіпсіз, үнемді жұмысын қамтамасыз ету және олардың техникалық жарамдылығын сақтау электр жабдығына қызмет көрсету сапасына байланысты. Қаражанбас кен орнында бұл маңызды іске электр цехының мамандары жауапты. Олар барлық өндірістік нысандарды электр энергиясымен қамтамасыз етіп, сапалы жөндеу жұмыстарын жүргізеді. 20 жылдық тәжірибесі бар маман Ыбырай Ізбасаров бізге электромонтердің немен айналысатынын, мамандықтың қызығы мен қиындығы туралы айтып берді.
Ыбырай №1 мұнай өндіру цехының аумағында жұмыс істейді және 600-ден астам ұңғыма мен электр жабдықтарының үздіксіз жұмысын бақылайды. Кейіпкеріміз тәуекел мен жауапкершілік жүгінің ауырлығына қарамастан, мамандыққа деген қызығушылығының арта түсетінін айтады. Өйткені қызмет көрсетілетін нысандардың саны үнемі артып, жұмыс қызу жүреді екен.
«Біздің жұмысымыз кен орнының барлық цехтарымен тығыз байланысты. Қарапайым жарық беру мен желілерді жүргізуден бастап мұнай өндіруге, бу өндіруге, су айдауға арналған сорғы қондырғыларын электрмен жабдықтау сияқты қызмет атқарамыз. Мамандығымыз осы қасиеттерімен маңызды. Жұмыс кезінде мұқият, ұқыпты болып, қауіпсіздік ережелерін жақсы білу керек. Әйтпесе электр тогының ауыр соққысын алу қаупі басым. Сондықтан кез келген қадамды ойланып басу маңызды», – деді Ыбырай Ізбасаров.
Электр цехының құрамына жоғары вольтты желілерді, жарықтандыру мен электр қондырғыларын пайдалану бойынша мамандандырылған топтар мен учаскелер кіреді. Мамандар уақытпен санаспай, жел мен аязда да жұмыс істейді. Басты мақсат – ажыратуларға жол бермеу.
«Қатты жел немесе нөсер жаңбыр салдарынан күтпеген жерден желілер үзілуі мүмкін. Бұған жол бермеу үшін біз тәулік бойы энергия объектілерін бақылауда ұстаймыз», – деді кезекші электромонтер.
Ыбырай өз мамандығын қауіпті деп есептемейді. Дегенмен ол кернеуі 110 киловольтқа дейінгі қуаты жоғары желілермен жұмыс істейді. Аталмыш салада қолмен шебер жұмыс істей білу маңызды. Ешкім бірден кәсіби маман бола салмайды. Ол үшін білім және Қаражанбастың үздіксіз жұмысына үлес қосуға деген ұмтылыс болуы шарт, деп қорытындылады кейіпкеріміз.
112
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
170
11 марта 17:40
Будущее энергетики Казахстана: технология чистого угля, ВИЭ и новые проекты
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
155
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету