Главная Новости Елге еңбегі сіңген Қалдыбек
20 қазан 2023, 15:00 1272

Елге еңбегі сіңген Қалдыбек

Елге еңбегі сіңген Қалдыбек

Өткенге ой салып, ертеңіңді екшеп, бүгінгі күнге көз салар болсақ өткен тарих беттерінде мұнай саласында ел ықыласына бөленген есімдер мыңдап саналады. Еліне, халқына әркім әр түрлі жолмен пайда тигізеді. Біреу батырлығымен, енді біреу шешендігімен танылады. Жақсы адам жайында жазсаң жаның жадырап, ойың тазарып, құдды бір жоғың түгенделгендей күй кешесің. Қалдыбек Жәнібеков – елге сіңген еңбегімен, әкелік парызын абыроймен өтеп, жолдас-жораларының алдында беделге ие болып, қызметін адал атқарып жүрген жандардың бірі.

Ол Шайыр ауылының тумасы. 1987 жылы өндірістегі алғашқы еңбек жолын Қаражанбасмұнай мекемесінде операторлықтан бастады. Аталған мекемеде табандап жүріп тәжірибе жиған ол 1996 жылы «Жетібаймұнайгаз» өндірістік бірлестігіне ауысады. Міне, осы сәттен күні бүгінге дейін компанияның аса жауапты саласының тұтқасын ұстап, өз міндетін үлкен абыроймен атқарып келеді.

Бүгінде «Жетібаймұнайгаз» өндірістік бірлестігінде 2009 жылы ашылған газ шаруашылығын пайдалану және жеткізу цехы ұжымының арқалаған жүгі ауыр. Кейіпкеріміз мұнда технологиялық қондырғылар машинисі болып жұмыс істейді.

«Жас кезімізден мұнай-газ саласында еңбек еттік. Аға буын мамандардан үлкен тәжірибе жидық, ізімізден ерген жастарға сол білгенімізді, жиғанымызды үйретуге тырысып жүрміз. Өндірістегі ең маңызды нәрсе – ұжым болып бірлесе жұмыс істеу. Сонда ғана нәтижеге қол жеткізесің. Біздің цехта осындай тонның ішкі бауындай етене жақын жұмыс істейтін 60-70 адам бар. Машинист маманы мұнаймен бірге келетін ілеспе газды тазалап, әртүрлі қондырғылардан өткізіп, компрессор арқылы Өзен газ зауытына жеткізумен айналысады. Мен осы мамандықты Ақтаудағы политехникалық колледжінде оқыдым. Бұл кәсіп тікелей газбен байланысты болғандықтан қауіптілігі де, жауапкершілігі де жоғары. Цехтағы әр қызметкердің орны ерекше, ұжым ауызбірлігінің арқасында жұмысымызды ақсатпай, жоспарды ойдағыдай орындап, алға қадам басып келеміз», – дейді Қалдыбек Жәнібеков.

Қалдыбек аға отбасы шаруасына, бала тәрбиесіне де ерекше көңіл бөледі. Бүгінде жұбайы екеуі үш ұл, бір қызды тәрбиелеп, өсіріп отыр. Олардың баянды болашағы үшін аянбай еңбек етіп жүрген әке ұл-қыздарының мамандық таңдауда қателеспеуін тілейді.

Биыл 60 жылдығын атап өткен Маңғыстау мұнайының қарашаңырағы – «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының мерейлі мерекесі қарсаңында барша мұнайшы қауымға ақжарма тілегін де білдірді.

«Биыл Маңғыстау мұнайының үлкен мерейтойы. Әріптестерімді кәсіби мерекесімен құттықтаймын. Отбасылары аман, дендері сау, жұмыстары жемісті болсын», – деп сөзін тәмамдады.

Елге еткен қызметтің үлкен-кішісі болмайды. Әркім өз орнында, өз қал-қадірінше халыққа қызмет етсе – сол елдің қадірлісі болып қала береді. «Жылқы кісінескенше, кісі сөйлескенше» демекші, мұнайшы ағамен сөйлесу барысында жүрегі кең, байсалды, ақкөңіл азамат екенін білдік. Тындырған жұмыстарына тоқмейілсіп көрмеген ол үнемі ізденіс үстінде жүреді. Тындырғанынан тындыратыны алда.

"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ баспасөз қызметі

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: