Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Мұнай-газ саласына ел тәуелсіздігімен тұспа-тұс кезеңде араласып, күні бүгінге дейін өнімді еңбек етіп жүрген майталман мұнайшылар аз емес. Бөкенбай Игішов сонау 1990 жылдары «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-на жұмысқа кіріп, қазіргі сәтте ел қазынасын молайтуға өз үлесін қосып жүр.
Бөкенбай Игішов қазіргі таңда №2 Мұнай және газ өндіру цехында оператор болып жұмыс істейді.
«40 жылға жуық өмірім өндірісте өтті. Қазаққа бұйырған ен байлықтың бір бөлшегінде біздің де үлесіміз барына көңіл тоқ. Мұнай-газ саласы өңірге ғана емес ел экономикасына дем берген сала ғой. Үлкен жауапкершілікті, білім-білікті талап ететін өндірісте аға буыннан үйренген азды-көпті тәжірибиемізді ізге ерген жастарға үйретіп жүрген жайымыз бар», – дейді ол.
Бөкенбай Ізтұрғанұлы Маңғыстау ауданы, Жармыш ауылының тумасы. Бүгінде құдай қосқан жарымен ұл-қыз өсіріп отырған бақытты шаңырақтың отағасы.

«Қызым тұрмыста, өз саласы бойынша білікті маман. Ұлым ізімді қуып, мұнайшы болды. Бүгінде «Қаражанбасмұнай» компаниясында еңбек етеді. Әкем Ізтұрған Игішов, анам Төлеу Игішова мал шаруашылығымен айналысып, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отыр», – дейді Бөкенбай аға.
Операторлықтың қыр-сырын жетік меңгерген кейіпкеріміз өндіріс басындағы жұмыстың қызу жүріп жатқанын, ұңғымалар ұдайы бақылауда екенін айтады.
«Біздің цехқа қарасты 48 ұңғыма бар. Бұл ұңғымалар тәулігіне 3 500 текше метр сұйықтық беріп тұр. Ұңғыма жұмыстарын жіті бақылаймыз. Өндіріс жұмысы бүгінде едәуір ілгеріледі. Алғаш жұмысқа келген кезең мен қазіргі уақытты салыстыруға мүлдем келмейді. Қазір дамыған технология өндіріске дем беріп, жұмысты алға жетелеп келеді. Еліміздің экономикасының өрлеуін, қазынамыздың молаюын қалаймыз. Жұмыс өнімді болса, табыс мол болса, отбасымыз үшін де, Отанымыз үшін де жақсы ғой. Қазақстанымыз өсіп-өркендей берсін. Болашақ ұрпағымыз үшін еңбек етуден біз әсте жалықпаймыз», – дейді ол.
Дереккөз: «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
161
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете