Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Көршілес облыстағы су тасқыны кезінде эвакуациялық пункттерде қызмет еткен «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшысы марапатқа ие болды. Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев Атырау облысының тұрғындарын Маңғыстауға эвакуациялап, гуманитарлық көмек көрсетуге белсенді атсалысқан азаматтарды қабылдады. Олардың қатарында өндірісті автоматтандыру цехының слесарі Айдос Оңғарбаев та бар.
Ел басына күн туған шақта күш біріктірген волонтерлер атыраулық ағайынды бірнеше пунктке орналастырды. Сондай-ақ олар уақытпен санаспай, халықтан жиналған гуманитарлық көмекті үлестіріп, уақытылы жеткізуге жәрдемдесті. Айдос та әріптестерімен бірге игі істің басынан табылып, вахтааралық демалысын жақсылық жасауға арнады. Шаһар басшысы жиырмаға жуық азаматқа риясыз рақмет айтып, облыс әкімінің алғыс хатын табыс етті.
«Қиын-қыстау кезде әр шағын ауданның азаматтары ерлік пен ұйымшылдық көрсетті. Гуманитарлық көмектің жеткізілуін қамтамасыз етуге, эвакуацияланған азаматтарға қолайлы жағдай жасауға атсалысты. Қазірде елдің бірлігі мен тұтастығы жолында еңбек етіп келесіздер. Сіздерге облыс әкімінің және өз атымнан алғысымды айтамын», - деді Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев.
Айта кетейік, ҚБМ су тасқынынан зардап шеккен және қауіп төніп тұрған Атырау облысына арнайы техникалар мен жұмысшылар жіберді. Мұнайшылар екі айға жуық уақыт бойы аудан-ауылдарға бөгет салып, үздіксіз жұмыс істеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
257
23 апреля 11:41
Подписано рамочное соглашение между ТОО «Актас Энерджи» и Marubeni Corporation