Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ұжымы Заң департаментінің менеджері болып қызмет атқарған Алмас Құдайбергеновті құрметті демалысқа шығарып салды.
Қызылорда өңірінің тумасы Алмас Ысқақұлы еңбек жолын автобус паркінің слесарі болып бастаған. Әскерге барып, ел алдындағы азаматтық борышын өтеп келген ол Алматыдағы Киров атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің заң факультетіне түсіп, оны қызыл дипломмен тәмамдайды.
Білімді маман алдымен Қызылорданың Бас прокуратурасына жолдамамен жұмысқа тұрып, кейін өзге де өңірлерде осы құқық органында жұмыс істеп, тәжірибе жинайды. Қырық жыл еңбек өтілінде құқықтық саланың жілігін шаққан майталман маманына айналады. Ал 2015 жылы ол «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на заңгер болып, заң басқармасына орналасады. Кейін бұл басқарма департамент мәртебесіне ие болыпты.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға теміржол көлігінің тасымал қызметін ұсынады. Сол себепті бұл мекемеде заңгерлерге жұмыс жеткілікті. Әртүрлі істі сотқа жеткізбей шешу немесе заң шеңберінде сотта сүйемелдеу сияқты міндеттер артып жетіледі. Бір жылы бізге Табиғи монополияларды реттеу агентігі комиссиялық алым мәселесі бойынша 240 млн теңгеге қатысты іс қозғап, оған біз келіспей, сотқа жүгініп, нәтижесінде өзіміздің дұрыстығымызды дәлелдеп, жеңіп шықтық. Осы сияқты ірілі-ұсақ істер көп. Бірде жеңіске жетіп, енді бірде керісінше ұтылып жатамыз. Заңгерлер үнемі оқу үстінде болады. Өйткені, еліміздегі заңдарға енгізіліп жататын өзгерістер мен толықтырулардан үнемі хабардар болып, өз ісіңде қамшы салдырмауың керек», – дейді зейнеткерлер қатарын толықтырған Алмас Құдайбергенов.
Алмас Ысқақұлы туралы әріптестерінің айтар жылы лебізі көп. Бірі оны өз ісінің білгірі, өте сауатты әрі жауапты, кәсіби маман деп бағаласа, екіншісі оның қашанда ұстамды, сабырлы, кішіпейіл, азаматтық қасиеттерін айрықша атап өтті. Сымдай тартылған сымбаты талай жастарды жолда қалдыратын кейіпкерімізге келсек, ол зейнеткерлік жас – жаңа өмірдің бастауы екенін, енді өзіне өзі толық иелік етіп, еркіндік алған шағында алдына көптеген мақсаттар қойып және соған жетуге өмір жолын арнайтынын айтады.
Сұлугүл Бакесова
Дереккөз: «Қазақстан теміржолшысы»
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
133
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»