Главная Новости Елордада құрылыс қарқыны жоғары
28 наурыз 2022, 15:15 1832

Елордада құрылыс қарқыны жоғары

Елордада құрылыс қарқыны жоғары

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Айманбетов Мәулен Зарлықұлы құрылыстың барысын бақылау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында салынып жатқан бірқатар тұрғын үй және әлеуметтік объектілерді аралады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Qazyna» ТК объектісінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілу барысымен танысты. Басқарма төрағасы құрылыс-монтаждау жұмыстары жұмыс жүргізу кестесіне сәйкес орындалатынын және аяқталуға жақын екенін атап өтті. Тұрақты электрмен жабдықтау көзіне қосылу бойынша проблемалық мәселе жақын арада Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы органдарымен талқыланатын болады.

«Grand Victoria» ТК

Нұр-Сұлтан қаласында салынып жатқан объектілерді қарап-тексеру барысында басқарма төрағасы «Grand Victoria» ТК объектісінде жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген жұмыс жүргізу кестесінен артта қалғанын байқады. Жұмыс кестесінен қалыс қалуды жою үшін Басқарма Төрағасы «Аргон Строй» ЖШС құрылыс салушысына бірқатар тапсырмалар берді, атап айтқанда үш күндік мерзімде адами ресурстар санын ұлғайта отырып, ЖӨК-ден қалыс қалуды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынуды тапсырды.

«Көктөбе» ТК

Нұр-Сұлтан қаласында Басқарма төрағасы барған объектілердің бірі – «Көктөбе» ТК. М.З. Айманбетов объектісіндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілу барысымен танысып, жұмыстардың қарқынын бәсеңдетпей, көзделген мерзімде жүргізуді жалғастыруды тапсырды.

«Есіл» ТК

Бұл объектіде Қоғамға тұрақ орындары тиесілі. Объекті бойынша паркингтің пайдаланылатын шатыры проблемалық мәселе болып табылады. Басқарма төрағасы паркингтің пайдаланылатын шатырына егжей-тегжейлі техникалық тексеру жүргізуді тапсырды.

«Қазына Тауэрс» БО

Объектілерді аралау аясында «Қазына Тауэрс» БО да қаралды. Қарап-тексеру барысында Басқарма Төрағасы Бизнес орталықтағы бос алаңдарды жалға алушыларға жалға беруді барынша қамтамасыз етуге тапсырма берді.

«ЭКСПО» ТК

Сондай-ақ басқарма төрағасы «ЭКСПО» ТК объектісінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу барысымен танысып, құрылыс салушыға құрылыс-монтаждау жұмыстарын сол қарқынмен және жұмыс кестесінде көзделген мерзімде жүргізуді жалғастыру тапсырды.

Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық орталық

Нұр-Сұлтан қаласында салынып жатқан объектілерді аралау Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы объектісінде аяқталды. Тексеру барысында жергілікті атқарушы органдарға кірме автомобиль жолдарын уақтылы жүргізу бойынша мәселелер бар екені анықталды. Басқарма Төрағасы тексеру қорытындысы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын уақтылы және сапалы аяқтауға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: