Главная Новости Елордада «Самұрық-Қазына» қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті
04 маусым 2020, 08:01 1083

Елордада «Самұрық-Қазына» қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Елордада «Самұрық-Қазына» қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Іс-шара Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтті.

Кеңесте «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қазіргі қызметі, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ кеңестің өткен отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды.

Отырысты ашқан Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» қоры ел дамуында маңызы рөл атқаратынын атап өтті.

– Биыл біз ауыр сынақтарға тап болдық. Коронавирус пандемиясы жаһандық экономикалық дағдарысқа әкеп соқты. Әлемдік экономика мен сауда өсімі тоқтады. Бұл факторлардың барлығы біздің экономикамызға кері әсерін тигізіп отыр. Осы орайда біз қалыптасқан күрделі ахуалға тез бейімделуге және дағдарысты еңсеруге септігін тигізетін экономиканың негізгі драйверлерін айқындауға тиіспіз, - деді Елбасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті мемлекеттің экономикалық өсімді қалпына келтіру шараларын дер кезінде қабылдағанына және маңыздылығына тоқталды.

– Экономикамызды қалпына келтіруде және әрі қарай дамытуда ұлттық әл-ауқат қоры басты рөл атқарады. Қазақстанның барлық негізгі компаниялары осы Қордың құрамына кіреді. Қор компанияларының жиынтық активтері 28 трлн теңгені құрайды. Бұл – ЖІӨ-нің 40%-ы. Мұнда 300 мың қызметкер жұмыс істейді. Қиындықтарға қарамастан компаниялардың бәрі жұмысын жалғастырып жатыр. Өткен жылғы Қор көрсеткіштерінің өсу қарқыны биылға резерв құруға мүмкіндік бергенін байқап отырмыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жиын барысында ҚР Премьер-Министрі А.Маминның, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы А.Есімовтің, «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы А.Айдарбаевтың, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы С.Мыңбаевтың баяндамалары тыңдалды.

Елбасы Қор компанияларының тиімділігін әрі қарай арттыру үшін нақты шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қор компанияларын жекешелендіру мәселелеріне, сатып алулар және отандық тауарөндірушілерді қолдауда жергілікті үлесті арттыру бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталды.

Кеңес қорытындысы бойынша Елбасы «Самұрық-Қазына» басшылығының дағдарысқа қарсы қабылдаған шараларының нәтижесін атап өтіп, бұл тәжірибені басқа да құрылымдарда қолданудың маңыздылығына тоқталды.

– Қор басшылығы дер кезінде қабылдаған шараларды қолдаймын және оң бағалаймын. Олар өз тиімділігін көрсетті. Дағдарыс кезінде мемлекет экономиканы қолдау үшін Ұлттық қордан қыруар қаржы бөлді. Алайда осы жағдайда «Самұрық-Қазына», керісінше, Ұлттық қорға 100 млрд. теңге бағыттады, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: