Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Нұр-Сұлтанның Сарыарқа ауданында 850-ден астам тұрғын үй газға қосылды. 2151 тұрғын үй иесі техникалық шарттарды алса, 700 үйде монтаж жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды SKnews.kz «Астана ақшамы» сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта газ «Көктал-1», «Көктал-2» тұрғын алабына толықтай, ал «Агроқалашық» тұрғын алабының бір бөлігіне келіп тұр. Қараша айының соңына дейін «Агроқалашық» тұрғын алабындағы газға қосылмаған қалған 20 көше көгілдір отынмен қамтамасыз етілетін болады.
Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты тұрғындарды газға қосу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Тұрғын үйлерді аралау барысында газға қосылу алгоритмі, мердігер ұйымдар тізбесі, әлеуметтік жеңілдіктер, несие және басқа да ақпараттар тұрғындарға жеткізіледі. Жеке тұрғын үйлердің құжаттарын заңдастыруды реттеу үшін әкімдік штабы жұмыс істеуде. Екі ай ішінде 418 тұрғын газға қосылу бойынша түрлі сауалдармен штабқа жүгінді.
Қазіргі уақытта көшелердің 97 пайызына газ келіп тұрғанымен, газдың өшіп қалуы, қысымның төмендігі сияқты мәселелер туындауда. Мамандар елордаға газ 1 мың шақырымнан астам жерден үлкен құрылыстың нәтижесінде тартылғанын ескере отырып, мұндай ақаулардың болуы қалыпты жағдай екенін, газдандыру толықтай аяқталып, тұрғын-үйлердің барлығы газға қосылғанда қысым тұрақталатынын ескертеді. Кез келген газ жаңадан тартылған аймақтарда осындай жағдайлар алғашқы 2-3 жылда орын алады екен. Ал Сарыарқа ауданының тұрғындары газды 1 жыл пайдалануда.
Орын алған ақаулардан кейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі бірқатар алдын алу шараларын жасады. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның апаттық қызметі күшейтілуде, тұрғындардың өтінішін жедел қабылдау және атқару үшін орталықтандырылған диспетчерлік қызметті іске қосу сияқты жұмыстары атқарылуда.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
51
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
58
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы