Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы «World Airport Awards» аталымы бойынша Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік өңірлік әуежай деп танылды. Марапат Париждегі ЭКСПО жолаушылар терминалында табыс етілді, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
«Біз Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайын 2022 жылы Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік өңірлік әуежай ретінде осы маңызды марапатқа ие болуымен құттықтаймыз. Соңғы екі жыл бүкіл әлемдегі әуежайлар үшін өте күрделі әрі қиын кезең болды. Олар COVID-19 пандемиясына байланысты көптеген шектеулерге тап келді. Қазіргі күнде әуе тасымалдары қалыпты деңгейге қайта оралды. Осы ретте Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында әуе тасымалдары ең жоғары стандарттартар бойынша орындауда. Сондықтан да аталған беделді сыйлықты осы әуежайға беруге шешім қабылданды», – деді Skytrax бас директоры Эдвард Плейстед.
«World Airport Awards» – әлемдік әуежайлар индустриясындағы ең беделді марапат. Үздіктер дауыс беру нәтижесінде және арнайы жүргізілетін жаһандық сауалнама бойынша анықталады.
«Үздіктерді анықтау үшін әлемдегі 550-ден астам әуежайдағы жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен ыңғайлылық жан-жақты сарапталған. Бұл сыйлық – жаһандық әуежай индустриясы үшін сапа стандарты болып саналады», – деді «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Ғабит Тәжімұратов.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев әлемдік беделді сыйлықты алуда әуежай жұмысшылары мен Комитет қызметкерлерінің қосқан үлесі зор екендігін атап өтті. Олар күнделікті еңбегі арқылы жолаушылар тасымалын ыңғайлы әрі қауіпсіз ұйымдастыруда.
Сауалнама 8 ай көлемінде жүргізіліп, оған 100-ден астам ұлт өкілінен тұратын әуежай клиенттері қатысқан. Зерттеу қорытындысы әуежайдың клиенттерге қызмет көрсету сапасы және тіркеу, ұшып келу, трансфер, сатып алу, қауіпсіздік, паспорттық бақылау сынды негізгі көрсеткіштер бойынша шығарылған.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
111
12 декабря 13:01
АО «Самрук-Қазына» снова в числе лидеров нефинансовой отчетности
111
11 декабря 22:17
Кто работает на ПНХЗ: прибористы