Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазкөліккәсіп» ҚБ теміржолшылардың балаларына арнап өткізіп жатқан елордаға саяхат жобасының екінші кезеңі өтті. Өткен айдағы бірінші кезеңде 60 баланың елордаға сапарын ұйымдастырған кәсіподақ бұл жолы да Атырау, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл және Түркістан облыстарынан келген тағы 60 балаға әсем астананы аралатты.
Үш күндік саяхаттың бағдарламасы өте қызықты әрі танымдық жағы басым болды. Бірінші күні балалар мейрамханада тамақтанып алған соң елордадағы «Атамекен» этно-мемориалды кешеніне барды. Оны аралап болған соң Есіл өзенінде кемемен серуендеді. Ал екінші күнінде Мұхитаралға, Джунгли бағына, Экзотариумға барып, түрлі қызықтарға қарық болды. Сол күні түстен кейін бассейнге түсіп, пицца жасау бойынша шеберлік сабағына қатысты.
– Балалардың елордаға саяхатын кәсіподақ 2018 жылдан бері өткізіп келеді. Тек пандемия кезінде ғана тоқтап қалғаны болмаса, басқа уақытта жалғасын тауып, осы күнге дейін өңірлерден барлығы 800 бала Қазақстан астанасында демалып қайтты. Олардың бәрі – теміржолшылардың, соның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасылардың 10-13 жас аралығындағы балалары. Олардың Астанаға келуі мен қайту жолы, қонақүй, үш мезгіл тамақ, қаланың көрнекі орындары мен ойын-сауық орталықтарын аралауына кететін шығынын – бәрі-бәрін кәсіподақ көтереді. Биыл жазда 120 бала келді, – дейді «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитов.

Үшінші күні елордадағы кинотеатрдан заманауи кино көріп, түс ауа Ұлттық музейді аралаған балалар үшін аниматорлар шоуы, түрлі байқаулар, ойындар, би, флешмоб, челлендждер, крио-шоу ұйымдастырылып, балмұздақ таратылды. Төртінші күні елдеріне ұшақпен ұшып кеткен балалар үлкен әсермен, көңіл-күймен аттанды.
– Астанаға алғаш рет келдім. Әкем теміржолда машинист болып істейді. Астана маған өте ұнады, биік те зәулім ғимараттары ғажап. Ауылдағы достарыма айтып баратын қызықтарым өте көп, – деді қоштасарда Шу станциясынан келген Әлинұр Есдәулетов.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
189
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи