Главная Новости Ембі – ел ырысы
21 желтоқсан 2022, 09:30 1742

Ембі – ел ырысы

Ембі – ел ырысы

Жуырда «Ембімұнайгаз» АҚ-ның 100 жылдығына орай дайындалған «Ембі – ел ырысы» атты көркем-деректі фильм Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің шақыртуымен болашақ мұнайшылар-студенттер алдында көрсетілді.

Фильмде мұнайлы Ембінің 100 жылдық бай тарихы, ондағы ембілік мұнайшылардың ерен еңбектері, еліміздің өзге өңірлеріндегі мұнай кен алаңдарын ашудағы ембіліктердің табысты еңбектері баяндалып, жас ұрпақтың бойында аға буын-майталман мұнайшылардың жетістіктеріне мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал ету, мұнай-газ саласында алғашқы ізашар болған адамдар туралы жұртшылыққа жеткізу мақсат етілген.

Көркем-деректі қысқа метражды фильм Алматы, Астана қалалары мен Атырау облысының аумағында түсірілді. Фильм 10 сериядан тұрады, әр серияның уақыты 5 минут.

Фильм көрсетілімінен соң университет ректоры Г.Шакуликова, ұстаздар Г.Мұхангалиева, У.Қойбақова, Г.Байжігітова, студенттер алған оң әсерлерімен бөлісіп, фильмнің жалғасын түсіру, ағылшын тіліне аударып, қазақстандық мұнай-газ саласы тарихын шетелдерде насихаттау және тағы басқа ұсыныстарын ортаға салды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: