Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
13 шілдеде Басқарма төрағасы Е.Қайыржан бастаған «Ембімұнайгаз» АҚ басшылығы шектеулі құраммен коронавирус инфекциясынан қаза тапқан отандастарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Ембілік мұнайшылар пандемия салдарынан туыстары мен ағайындарынан айырылған қазақстандықтардың қайғысына ортақтасады. Зардап шеккендердің қатарында зейнетке шыққан қызметкерлер, әріптестердің туыстары бар, біз оларға компания атынан көңіл айтамыз. Ендігі біздің ортақ міндетіміз - басқа отандастарымыздың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында пандемияға қарсы жалпы күреске нақты үлес қосу.
Пандемия басталғаннан бері бүгінгі күнге дейін Ембі Атырау облысының әкімдігімен бірлесе отырып, облыс халқына жан-жақты қолдау көрсетті. Бүгінде компания Атырау облыстық ауруханасына өкпені жасанды желдетуге арналған оттегі концентраторларын алуға, оперблоктарды, реанимацияларды, диализ орталықтары мен провизорлық бөлімшелерді медициналық газбен қамтамасыз ету жүйесін жүргізу үшін медициналық жабдықтарды алу үшін 146 миллион теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті.
Осындай мақсатта және жеке сақтандыру құралдарын алуға Жылыой аудандық ауруханасына 35 миллион теңге аударылды. Атырау облысы аудандық әкімдіктеріне жасалған өзге қолдау түрлерін есептемегенде, өңір тұрғындарына көрсетілген көмектің жалпы көлемі 300 миллионға жуық теңге құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ЕМГ Атырау қаласының Береке ықшам ауданындағы карантиндік стационарларды тұрмыстық техникамен және гигиеналық қажетті заттармен қамтамасыз етуге 100 миллион теңге бөлген болатын.
Атырау облысы әкімдігінің сұранысына сәйкес қайтадан ашылған провизорлық орталықтың қажеттіліктері үшін Махамбет ауданы әкімдігіне автобус бөлінді.
Өткен сенбі күні Атырау облысы әкімдігінің сұранысы бойынша облыстық ауруханаға 40 оттегі баллоны тапсырылды. Сонымен қатар, Исатай, Мақат, Жылыой және Қызылқоға аудандарының әкімдіктеріне блок-посттар ұйымдастыруға, дезинфекциялық жұмыстарды жүргізуге және халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына қолдау көрсетілді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
51
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
58
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы