Главная Новости Ембі өндірісінде – жаңа станоктар
17 тамыз 2021, 10:00 1642

Ембі өндірісінде – жаңа станоктар

Ембі өндірісінде – жаңа станоктар

Өндірістік қызмет көрсету базасында негізгі атқарылатын жұмыстар ақауы табылған өндірістік құрал жабдықтар жөнделіп, дереу өндіріске жіберіледі. Мақсат – өндірістің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету. Аталмыш база механикалық жөндеу шеберханасы, Өндірістік құралдарды жабдықтау мен пайдалану, Нысандарды ағымдағы жөндеу телімі (әктеу, сырлау), Жылу, газ, сумен қамту деген 4 бөлімшеден тұрады десек, әрине, бұлардың ортасынан негізгі назар алғашқы екеуіне түседі. Бұл орайда, өндіріс алаңынан бұзылып келген немесе жөндеуді керек еткен жабдықтарды қайта іске қосуға бар күш жұмылдырылуда.

1997 жылы өндіріске жұмысқа келген темір жонушы Әлібек Жарылғапов алғашында 1967 жылдарда іске қосылған станоктармен жұмыс жасағанын айтады. Ескінің аты ескі, техникалық қауіпсіздік талабын үнемі сақтай беруге мүмкіндік бола бермейтінін жасырмаған темір жонушы Әлібек соңғы жылдарда жұмысшының қауіпсіз ортада еңбек етуіне баса назар аударылып отырылғанына қуанышты.

«Қарапайым еңбек адамының өмірі алдыңғы кезекке шығып, содан кейін өндіріс жоспары талап етілгенде өзіңе деген қамқорлыққа риза боласың. Үнемі темір-терсекпен жұмыс істейтін темір жонушыларға айтарлықтай жеңілдік деп жаңа станоктардың келіп жатқанын баса айтамын, жаңалыққа қуаныштымыз. 2019 жылы Болгария мен Ресей елдерінің бірлесе жасаған СИ-630 станоктың үш бірдей данасы келіп, өндіріске қосылды. Цехтың жабдықтары кезең-кезеңімен жаңаруда», – деген Әлібек Жарылғаповтың қуанышын оның ағасы, осы цехта 30 жылдай еңбек етіп келе жатқан темір жонушы Нысанбай Жарылғапов та қостап, сол жаңа станоктың біреуі өзіне берілгенімен қуана бөлісті.

Өндірістік қызмет көрсету базасының екінші бөлімшесінде, құрал жабдықтарды дәнекерлеу жұмыстары орындалатын ғимараттың бүгінде күрделі жөндеуді керек ететінін, жөндеу шараларының 2022 жылдың жоспарына еніп отырғанын тілге тиек еткен аталмыш цех бастығының орынбасары Наурыз Асабаев, цехтағы 70 адамның күнделікті жұмысы өндірісті бір минут та тоқтатпау жолына жұмылдырылғанын, ұжым мүшелерінің ортақ мақсат жолында табысты еңбек етіп жатқанына ерекше тоқталып өтті. Табысты еңбек бірлік орнаған жерден бастау алатынын ескерсек, өндірістік қызмет көрсету цехының әр күні жұмысты дұрыс жоспарлаудан басталады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: