Главная Новости Ембіде жыл үздіктері марапатталды
28 қаңтар 2021, 12:22 1230

Ембіде жыл үздіктері марапатталды

Ембіде жыл үздіктері марапатталды

Өткен 2020 жылдың наурыз айынан бастап еліміз коронавирус инфекциясы пандемиясы жағдайында өмір сүруде. Пандемия басталғалы бері «Ембімұнайгаз» АҚ-да қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін компания нысандарында инфекцияның таралуына қарсы барлық қажетті іс-шаралар қабылданды. Барлық өндірістік құрылымдық бөлімшелерінде құрылған штабтар енгізілген төтенше жағдай мен карантиндік шектеулер режимінде жедел басқару органдарына айналды.

"Негізгі басқару шешімдерін орталық штаб қабылдағанына қарамастан, белгіленген шараларды жергілікті бөлімшелердің басшылары мен қарапайым қызметкерлері жүзеге асырады. Осы жұмыстардың қорытындысымен 2020 жылы пандемияның алғашқы толқыны кезінде өздеріне сеніп тапсырылған жұмыс учаскесінде жауапкершілік пен көшбасшылық қасиеттерін танытқан қызметкерлерді атап өту туралы шешім қабылданды. Компания басшылығының міндеті басқарушылық шешімдерді қабылдау ғана емес, сонымен қатар, әр деңгейде және әр ұжымда көшбасшыларды анықтау болып табылады. Олардың үлгілі қызметі өзге қызметкерлер үшін мотивация болады деп сенемін. Осы мақсатта «Жыл үздігі» номинациясын белгілеу және жыл сайын біздің компаниямыздың үздік қызметкерлері мен Ембі алдындағы шарттық міндеттемелерді ең жоғары деңгейде орындауды қамтамасыз еткен серіктестерімізді марапаттау туралы шешім қабылданды", - деп «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Есен Қайыржан басшылықтың шешімін түсіндірді.

2020 жылы COVID-19 пандемиясымен күреске қосқан жеке үлесі мен абыройлы еңбегі үшін төмендегі қызметкерлер марапатталды:

Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары ТАСМАҒАМБЕТОВА Рысты Нұрғалиқызы ел мен аймақ басшылығы мойындаған компания мен Атырау облысы тұрғындарының мүддесі үшін жанқиярлық қызметіне «Жыл тануы» номинациясымен;

«Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы СҮЛЕЙМЕНОВ Амангелді Тасқынбайұлы артық шығынсыз мол өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін «Жылдың тиімді менеджері» номинациясымен;

«Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы ШАНАЕВ Ғибатолла Толағайұлы штаттан тыс жағдайда өндірістік қызметті қамтамасыз еткені үшін «Жылдың кризис-менеджері» номинациясымен;

«Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы ЖҮНІСОВ Мәлік Мұқышұлы ұжымдағы моральдық-психологиялық қолайлы климатқа қол жеткізудегі жетістіктері үшін «Жылдың тиімді басшысы» номинациясымен;

«KMG EP-Catering» ЖШС-нің Атырау филиалының директоры ХИСМЕТУЛЛИН Эдуард Ғаббасұлы пандемия кезіндегі табанды серіктестігі және ұжыммен бірлесе атқарған қалыпты жұмысы үшін «Жыл серіктесі» номинациясымен;

«Ембімұнайэнерго» басқармасының бас инженері БАЯМИРОВ Берік Жоламанұлы жас мамандарды дайындағаны және қолдау көрсеткені үшін «Жыл тәлімгері» номинациясымен;.

«Доссормұнайгаз» МГӨБ еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік бөлімінің бастығының орынбасары ҚОБЛАНДИЕВ Нұрлан Сәндіжанұлы өндірістік-құрылымдық бөлімшелерде жүргізілген қауіпсіздік жұмыстары бойынша қол жеткізген үздік жетістіктері үшін «Жылдың қауіпсіз өндірісті ұйымдастырушысы» номинациясымен;

«Ембімұнайгаз» АҚ еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі бөлімінің бастығы БОХАЕВА Ақмарал Өтегенқызы пандемия кезінде короновирус инфекциясын таратпау мақсатындағы жұмыстарды ұйымдастыруға белсене қатысқаны үшін «Жыл қызметкері» номинациясымен;

Өндірістік – техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау басқармасы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау группасының жетекшісі АЙДАРБАЕВ Аманжан Танатарұлы COVID-19 пандемиясымен күрес жүргізу жұмыстарын ұйымдастыруға белсене қатысқаны үшін «Жыл қызметкері» номинациясымен;

«Жайықмұнайгаз» МГӨБ №2 мұнай және газ өндіру цехының бастығы АБЕЖАН Қуанғали Халидоллаұлы дағдарысты ахуал кезінде өндірістік міндеттемелердің шешілуіне жеке үлес қосқаны үшін «Жылдың цех бастығы» номинациясымен;

«Қайнармұнайгаз» МГӨБ Кенбай мұнай және газ өндіру цехының мұнай-газ және конденсат өндіру шебері ТАЙБУРИЕВ Жалғас Тұрғалиұлы дағдарысты ахуал кезінде өндірістік міндеттемелердің шешілуіне жеке үлес қосқаны үшін «Жыл шебері» номинациясымен;

«Доссормұнайгаз» МГӨБ ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу цехының ұңғымаларды жөндеу шебері НҰРЖАНОВ Еламан Жақсығалиұлы дағдарысты ахуал кезінде өндірістік міндеттемелердің шешілуіне жеке үлес қосқаны үшін «Жыл шебері» номинациясымен;

«Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Құлсарыдағы мұнайды дайындау және айдау цехының Қисымбай мұнай дайындау және айдау учаскесінің 4 разрядты тұзсыздандыру және сусыздандыру қондырғысының операторы УМИРОВ Есенжан Ұлықпанұлы дағдарысты ахуал кезінде өндірістік міндеттемелердің шешілуіне жеке үлес қосқаны үшін «Жыл шебері» номинациясымен марапатталды. 

Барлық жеңімпаздарға «Жыл үздігі» статуэткалары және компания атынан естелік сыйлықтар табыс етілді. 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: