Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Ембімұнайгаз» АҚ «Мұнайшы қыз» клубының ұйымдастыруымен пандемияның күрделі кезеңінде Компания жұмысын алға жетелеуге, өндірісті тоқтатпауға үлес қосқан мамандардың еңбектерін бағалау және компаниядағы ішкі байланысты, ұжымның ауызбіршілігін нығайту мақсатында «Мерейлі мұнайшы» онлайн дауыс беру байқауы қорытындыланып, жеңімпаздарды марапаттау шарасы өтті.
Аталған байқау ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында 3 номинация бойынша ұйымдастырылып, жалпы саны 49 үміткер конкурсқа қатысты.
«Пандемия кезінде ерен еңбектің озық үлгісін көрсеткен жұмысшыларды ұлығылау мақсатында бұл байқау осындай форматпен Компанияда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Әр номинация бойынша үміткерлерді өндірістік бөлімшелердің басшылары ұсынды. Олардың әрқайсысы – бүгінгі күннің қаһармандары. Себебі, қиын сәттерде ұзақ мерзімде өндіріс басында болып, уақытпен санаспай еңбек еткен мұнайшылар қандай құрметке де лайық», – деді ЕМГ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты Тасмағамбетова.
Дауыс беру Survio ашық платформасында жүзеге асты. Байқау аяқталған соң дауыстар саны автоматты түрде есептеліп, жүйе объективті түрде ең көп дауыс жинаған адамдарды шығарды.

Пандемия кезінде қиналған жандарға қолұшын созып, демеу бола білген «Ең мейірімді мұнайшы» номинациясы» бойынша жеңімпаздар:
Пандемия кезінде ұжым жұмысын алға жетелеп, өндірісті тоқтатпаған «Қатерге еңбекпен төтеп берген мұнайшы» номинациясы бойынша жеңімпаздар:
Пандемия кезінде өндірісті тоқтатпау үшін тиімді тың жолды ұсына білген «Креативті мұнайшы» номинациясы бойынша жеңімпаздар:
Жеңімпаздарды «Ембімұнайгаз» АҚ басшылығы құттықтап, 200 000 (І орын), 150 000 (ІІ орын) және 100 000 (ІІІ орын) теңге сертификаттарымен марапаттады.

Сонымен қатар, байқауға қатысқан барлық 49 номинантқа 20 000 теңгеден сертификат тапсырылды.
Шара соңы концерттік бағдарлама ұласты.
115
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
310
02 марта 16:44
В Богатырь Комир прошел спортивный праздник к Международному женскому дню
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
156
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету