Главная Новости Ембіге қарасты басқармаларда Жедел әрекет ету орталығы іске қосылды
06 сәуір 2021, 15:46 1708

Ембіге қарасты басқармаларда Жедел әрекет ету орталығы іске қосылды

Ембіге қарасты басқармаларда Жедел әрекет ету орталығы іске қосылды

«Жылыоймұнайгаз», «Доссормұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» және «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-да Жедел әрекет ету орталығы толық іске қосылды, деп хабарлайды SKnews.kz «Ембімұнайгаз» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұнай-газ кешенінде жаңа технологиялар қарқынды дамып келеді. Бұған дейін халықаралық мұнай-газ компанияларының іске асырған шешімдерін және қажетті цифрлық технологияларды енгізу жұмыстарын «Ембімұнайгаз» АҚ орталық кеңсесінің мамандар тобы жүргізген болатын.

Верификацияланған деректерді алу, кен орындарынан жедел кері байланыста болу, сондай-ақ, «Интеллектуалды кен алаңы» жобасын одан әрі дамыту үшін Компания басшылығы өнідірістік құрылымдық бөлімшелерде жауапты қызметкерлерді бекіте отырып, ситуациялық орталықтар ашу туралы шешім қабылдады.

Өздеріңіз білетіндей, алғашқы Интеллектуалды кен алаңы тұжырымдамасы пилотты түрде Уаз кен алаңында ғана енгізіліп, процесттерді басқарып бақылау үшін «Ембімұнайгаз» АҚ бас кеңсесінде визуализациялық орталық құрылған болатын.

Бұған дейін өндірістік басқармаларда мұндай арнаулы кабинеттер болмаған. Кен орындарының жағдайы туралы деректер базасы күн сайын түсетін мәліметтер негізінде жасақталып отыратын.

Жаңк орталықтардың барлығы да ақпаратты интерактивті ұсынудың заманауи техникалық құралдарымен жабдықталған.

Бұл мәліметтер Компанияның бас кеңсесіндегі онлайн-режим жүйесі арқылы өндірісті қашықтықтан басқару мүмкіндігіне ие Өндірісті жедел басқару орталығына тікелей түсіп отырады. Нақтырақ айтсақ, технологиялық үдерістерді басқару автоматтандырылған жүйесін, жөндеу бригадалары мен көлік мониторингін бақылау жүйесін, Компанияның «Сандық кен алаңы» тұжырымдамасына қосылған кен орындарындағы әр ұңғыманың мәліметтерін бірнеше шақырым қашықтықта отырып-ақ экран арқылы бақылап отыруға мүмкіндік қарастырылған. Сондай-ақ, көлікті бақылау жүйесі технологиялық көліктердің жұмысын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл мағлұматтар орталықтағы базаға жинақталып, соның негізінде дереу шешімдер қабылданады.

Айта кетсек, компанияның бас кеңсесіндегі Өндірісті жедел басқару орталығы да модернизациядан өтіп, жаңа технологиялармен толық қамтылды. Ең бастысы, қызметкерлерге жұмыс жасауға ыңғайлы етіп жасақталған.

Осы орталықтың көмегімен болашақта бұрғылау, ұңғыманы күрделі жөндеу, жерасты жөндеу процесін онлайн режимде жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болмақ. Бұл өз кезегінде негізгі өндірістік процестерді қашықтықтан бақылауға қызметкерлерді тарту мүмкіндігін арттырады.

Сонымен қатар, жаңа ОИТҚ (ЦИТС) кабинеттері кен орындарындағы көлік қозғалсын да толық бақылауға мүмкіндік береді. Бұл, ең бастысы, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жұмысшылардың қауіпсіздігі үшін қолға алынды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: