Главная Новости Ембілік кен орындарындағы жоспарлар талданды
11 мамыр 2023, 09:35 1468

Ембілік кен орындарындағы жоспарлар талданды

Ембілік кен орындарындағы жоспарлар талданды

«Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Сәбит Арынов бастаған жұмыс тобының өндірістік сапары «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасында жалғасты.

Мұнай мен газды өндіру және өңдеумен айналысатын іргелі басқармада бүгінгі таңда 11 кен алаңы игерілуде.

Іссапар Құлсары қаласында орналасқан «Мұнайшылар саябағын» аралаудан басталды. Парк аумағындағы музеймен танысқан соң, сала ардагерлері, жалпы қала тұрғындарының тынығатын, сүйікті орындарының бірі – саябаққа жөндеу жұмыстары қажеттілігі айтылды.

Бұдан соң, қазақ мұнайы тарихының қайнар бастауында тұратын «Қарашүңгіл» тарихи орнына тағзым етті.

Кейін Қисымбай, Ж.Досмұхамбетов, Ақтөбе кен орындары мен Прорва кен орындары тобында болып, қазіргі ахуал, түйткілді мәселелер, жоспарлы жұмыстарды назарға алды.

Жұмыс тобы өндірістік көрсеткіштермен танысумен қатар, әлеуметтік нысандардың жай-күйін де саралады. Жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының сапалы болуы, уақытылы аяқталуы, жұмысшыларды толғандыратын мәселелердің ашық айтылуына жағдай жасау секілді мәселелерді көтерген «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Сәбит Арынов жоданған сауалға орай, мамандар біліктілігін арттыру мәселесін қолдады.

Жұмыс тобының мүшелері «Каспий самалы» мұнайшылар қалашығында болып, жұмысшыларға жасалып жатқан әлеуметтік шаралармен танысты.

Айта кетейік, бұған дейін Компания басшылығының өндірістік сапарлары «Доссормұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармаларында болған еді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: