Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жаңа жыл қарсаңында "Ембімұнайгаз" АҚ (ЕМГ) ұжымы өз еңбекақыларынан ерікті түрде қаражат жинап, Атырау облысындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың 200-ден астам баласына жаңажылдық сыйлықтар табыстады.
Кей отбасылардың үйіне Басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбековтің өзі барып, балаларды мерекемен құттықтады деп хабарлайды Компанияның баспасөз қызметі.
"Біздің Компания ел экономикасына, әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық жасауға да баса назар аударуда. Соңғы жылдары біздің ұжым жиырмадан астам қазақстандық отбасыға баспана алып берді. Соның ішінде, көпшілігі – Атырау облысының тұрғындары. 1922 жылдан құрылғалы бері "Ембімұнайгаз" компаниясы әлеуметттік салаға тұрақты көңіл аударып келеді. Республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 триллион теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд теңгеден астам қаражат аударылды", - дейді Әнуар Жақсыбеков.
Естеріңізге сала кетейік, ЕМГ басшысы көтерген бастаманы "Жылыоймұнайгаз" мұнай-газ өндірістік басқармасының мұнайшылары жалғап әкетіп, 2 миллион теңгеден астам қаражатқа Жылыой ауданының әлеуметтік аз қамтылған 12 отбасына көмек көрсетті.





10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
55
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
61
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы