Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Ембімұнайгаз» АҚ өндірістік бөлімшесі «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ кезекті қайырымдылық акциясын іске асырды. Басқарма қызметкерлері өз қаражаттары есебінен 3 баланы тәрбиелеп отырған баспанаға мұқтаж отбасының мәселесін шешуге көмектесті.
Мұнайшылар жинаған қаржыға Атырау облысы Жылыой ауданы Қосшағыл ауылынан 4 бөлмелі үй сатып алынды. Сонымен қатар, басқарма қызметкерлері баспана иелеріне тұрмыстық қажетті жабдықтарды сыйға тартты.
Айта кетсек, отағасы Саламат Ерғалиев – І топ мүгедегі болып табылады. 2015 жылдан бері пәтер жалдап келген отбасының қуанышында шек жоқ. Жарық, жайлы, кең үйде балаларға ойнау және пайдалы істермен шұғылдануға толық мүмкіндік бар.
Мұнайшылардың аталған қайырымдылық шарасы ЕМГ-нің биыл аталып өтіп жатқан 100 жылдық мерейтойына орайластырылды. Алайда, Жылыойдың мұнайшылары ұайырымдылық шараларын бұған дейін де жүзеге асырып келген. Соңғы жыл жарым уақытта «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ жұмыскерлері аз қамтылған отбасыларға 2 пәтер және 1 үй сыйлады.
Ерғалиевтер отбасына үйдің кілті Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне арналған салтанатты шарада табыс етілді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
256
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи