Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Осы аптада облыс орталығындағы орта мектептердің 100-ге жуық оқушысы Қазақстан мұнай-газ саласының тарихынан сыр шертетін «Ембімұнайгаз» АҚ-ның интерактивті мұражайында болып, қазақ мұнайының тарихымен кеңінен танысты.
Олардың қатарында Атырау қаласындағы Нәжімеденов атындағы №2 орта мектеп, Ломоносов орта мектебі, Атамбаев №8 атындағы орта мектеп, Хиуаз Доспанова атындағы орта мектеп, №40 мектеп, Бесікті орта мектебі, Тайманов атындағы №27 орта мектептің оқушылары болды.

Аталған шара Атырау облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ұйымдастырған балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатындағы «Жанды сабақтар» экскурсиялық жобасы аясында өтті.
Айкөркем МҰРАТ, Ломоносов атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы:
– Ел экономикасындағы жетекші сала – мұнай-газ секторының қалыптасуы, қарыштап дамуы осы интерактивті мұражайда кеңінен көрініс тапқан. Қазақ мұнайының бастауында тұрған Ембі өңірінің аталмыш сала тарихында алар орны ерекше екендігіне бүгін көзім жетті. Алғашқы «қазақ жұмысшы табы» қалыптасқан екен. Мұнай қалай өндірілетінін виртуалды көзілдіріктер арқылы көріп, көп нәрсеге қанықтым.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі ембілік мұнайшылардың Жеңіске қосқан үлестері ұшан-теңіз екендігін біліп, кеудемді мақтаныш сезімі кернеді. Соғыстан кейін тоқыраған шаруашылықты қалпына келтіру жұмыстарында да мұнайшылардың үлестері мол. Біз сияқты қазіргі өскелең ұрпақ аға буынның осынау ерліктері мен еңбектерін біліп өсуі керек.
Болашақта мұнай-газ саласы мамандығының иесі атануға ниеті жастар бұл жерден көп ақпарат ала алады.

Айзада ЖАНСҰЛТАНОВА, Атамбаев атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы:
– Қазақ мұнай-газ өндірісінің ғасырдан астам тарихы сонау ежелгі дәуірлермен сабақтасып жатыр. Бүгін біз Ембінің кен алаңы Қарашүңгілден алғаш мұнайдың табылуы, Қазақстан мұнай өнеркәсібінің қалыптасуы мен «Ембімұнай» тресінің құрылуы туралы деректерді осы мұражайдан таптық. Мұражайдың іші де керемет жасақталған. Галактикалық ертегі әлемінде жүргендей әсер қалдырды. Мұражайға келіп, менің де осы саланы дамытуға деген қызығушылығым арта түсті.
(«Ембімұнайгаз» АҚ facebook парақшасынан)
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
97
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
105
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы