Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жаңа таныстық. Жаңа мүмкіндік. Жаңа жетістіктер. «Ембімұнайгаз» АҚ жас мамандары арасында өткізілген «ТЕЗ ТАП» зияткерлік сайысы көздеген миссия да осындай.
Компанияішілік бірлікті дамыту, жастарды бір арнаға тоғыстыру мақсатын межелеген осы секілді сайыстар Компания тарапынан дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл жолғы басқосу да 60-қа жуық жас қызметкерлерді топтастырып, жалынды жастарды бір толқында тоғыстырды.
«Сарайшық», «Бекіре», «Дулыға», «Жайық», «Мұнара», «Баррель», «Нарын» командалары құрылып, тартысты да қызу бәсеке өтті.

Жылдамдық пен тапқырлық, жедел жауап пен дәл шешім жеңіске бастайды. Қатысушы жастар «ТЕЗ ТАП» сайысында осынау біліктіліктері арқылы тартысты доданың көрігін қыздырды. Қара алтын өндіру саласында еңбек етіп жүрген жас мамандар бір сәт тарихи деректерді таразыласа, бір сәтте логикалық ойлау қабілеттерін шыңдады.
Жастар арасындағы зияткерлік сайысының қорытындысында «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Гүлбану Шарафетдинова үздіктерді марапаттады.

Жарыс нәтижесі бойынша, «Жайық» командасы 1-ші орынға ие болса, «Бекіре» командасы 2-ші орыннан көрінді. Үздік үштікті «Сарайшық» командасы түйіндеді. «Мұнара» командасы ынталандыру сыйлығын иеленсе, ойын барысында тапқырлығы мен шапшаңдықтарымен ерекшеленгендерге де қосымша сыйлықтар қарастырылды.
«Шара өз мақсатына жетті. Өте қызықты, тартысты ойын болды. Осы секілді бастамаларға ұйытқы болатын үлкен Компанияның бір бөлшегі болғаныма мақтанамын. Ойын барысын бағамдау, алдағы сәтті болжау мүмкін болмады. Тіпті, командаға бөлінген кезде де жеребе арқылы топтастырылдық. Осылайша, бір-ақ сәтте бір мақсат, бір мүддеге ұмтылған командаға айналып шыға келдік. Жалпы, Куиз ойыны – қазіргі таңда дамып келе жатқан интеллектуалды сайыс түрі. Бұл форматтағы ойындарға үнемі қатысамын. Біздің басты мақсатымыз жеңу болған жоқ. Десек те, өзге қарсыластарымыздан оза шауып, бірінші орынға лайық деп танылдық Осы секілді біздерге мотивация беріп, жігерлендіретін жарыстар әлі де жалғаса берсе деп тілеймін» дейді бірінші орынға ие болған команданың топ басшысы, «Жайықмұнайгаз» МГӨ басқармасының мұнай-газ және конденсат өндіру шебері Дастан Әділбекұлы.

194
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
360
02 марта 16:44
В Богатырь Комир прошел спортивный праздник к Международному женскому дню
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
190
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи