Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Табиғатты аялауға үлес қосу – «Ембімұнайгаз» АҚ ұстанған негізгі бағыттың бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында еліміздегі экологиялық жағдайға баса назар аударып, орман қорының көлемін көбейту бастамасын ұсынған болатын. Қоршаған ортаны оңалту бағытында жергілікті атқарушы билік пен Компания арасында арнайы екіжақты меморандум жасақталған. Бекітілген үш жылдық жоспарлы іс-шаралар былтыр бастау алып, қарқынды жалғасуда.
Табиғат пайдаланушы тарап ретінде Компания 2022-2024 жылдар аралығында арнайы бөлінген жерге ағаш отырғызбақ. Былтыр 2 гектарға 1700 көшет отырғызылды. Ал, бүгін «Ембімұнайгаз» АҚ Орталық басқару аппаратының қызметкерлері көгалдандыру сенбілігіне қатысып, 850 тал екті.
Айта кетейік, жыл басынан бері Компанияның кәсіподақ ұйымы және қызметкерлерінің бірлескен жұмыстарының нәтижесінде бүгінгі іс-шараны қосқанда, барлығы 8 гектар жерге жалпы саны 7200 ағаш отырғызылды.

Компанияға арнайы бөлінген Атырау қаласының іргесіндегі Талғайраң ауылындағы ағаш отырғызатын аумақ қоршалған, суару жүйесі тартылған.
Ембіліктер ортақ мүддеге жұмылу, яғни, қоршаған ортаны қорғауға қоғамды баулып, экологиялық мәдениетті арттыруда бұл секілді шаралардың маңызы зор екенін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғаса бермек.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
137
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»