Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2022 жыл – «Балалар жылы». Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «Ембімұнайгаз» АҚ демеушілігімен Атырау қаласындағы облыстық арнайы мектеп-интернатының спорт залы жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.
Бұл білім-тәрбие ордасында спорт залының заманға сай толық жаңғыртылуына орай кеш өтіп, мектеп-интернаты оқушылары концерттік бағдарламасын ұсынды. Кешке ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар және «Ембімұнайгаз» АҚ, Өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау басқармасының қызметкерлері қатысты.
1998 жылы құрылған мектеп-интернатында бүгінде 146 оқушы тәлім алып жатыр. Оның 38-інің есту қабілеті, 38-інің көру қабілеті нашар.
«Мұндағы спорт залы балалардың спортпен шұғылдануына кедергі болған. Балаларды спортқа бейімдеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорттық залымызды толық жабдықтап, жөндеуден өткізу жөнінде «Ембімұнайгаз» АҚ-на ұсыныс жасаған болатынбыз. Ұсынысымызды қабыл алып, спорт залды толық жабдықтап, жайлы, жарық етіп жөндеуден өткізіп берді. Спорт залындағы жөндеу жұмыстары өте сапалы атқарылды. Балалардың жаттығуы үшін барлық жағдай жасалған. Спорт залының іші жарықтанып, кеңейді. Балаларға жақсылық жасаудағы қайырымдылық қасиетті жоғары бағалап, демеушілік көрсеткен ембілік мұнайшыларға алғысымыз зор», – деді мектеп-интернатының директоры Лаззат Тулепова.
Шараға қатысқан Өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау басқармасының бас инженері Асхат Атрауов спорт залының қабырғалары, төбесі, едені, терезелері толық қапталғанын жеткізді.
«Біздің қаламызда, облыста осындай балалар үшін жайлы орта құру маңызды. Біздің кәсіпорынның осындай игі іске үлесі қосқаны қуантады. Жөндеу жұмыстары 1 айдай уақыт бойы жүргізілді», – деді бас инженер Асхат Атрауов.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
242
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи