Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жыл басы әз Наурызды ұлттық нақышта, бар сән-салтанатымен атап өтетін ембіліктердің дәстүрлі жиыны бүгін «Ембімұнайэнерго» басқармасында жалғасты.
«Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Қанатбек Қасымғалиев сала ардагерлері мен қызметкерлерді құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Ел дамуы жолында еселі еңбек етіп жүрген энергетика саласы мамандарының қызметі әркез маңызды екенін атап, жыл басы Наурыздың жақсылықтарға толы болуына тілектестік білдірді.
Өндірісті өркендетудегі табысты еңбегімен үлгі болған бір топ жұмысшылар «Ембімұнайгаз» АҚ Құрмет грамотасымен, компания директорының Алғыс хатымен марапатталды.

Салтанатты жиын барысында ескі салт-дәстүрлер мен ұлттық ұстанымдарды жаңғыртар танымдық сайыс ұйымдастырылды. Қатысушылар «Тоқымқағар қандай салт?» «Жеңсік ас саналатын, өте құнарлы тағам қалай аталады?» «Қымызмұрындық дегеніміз не?» деген секілді сауалдарға жауап ұсынып, жеіңмпаздарға сый табысталды.
Дәстүрді дәріптеген үлгілі шаралар қатарында әже, аналар арасында ұршық иіруден өткен сайыстың да қызықты әрі жас ұрпақ үшін аса тағылымды болғанын айрықша атаған жөн. Ұлттық нақыштағы киімдерімен жиын сәнін кіргізгендерге де арнайы сыйақы табысталды.

Ән шырқалып, бимен көмкерілген шара көптің көңілінен шықты.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
211
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи