Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жуырда Қонаев қаласында өткен "Tengri ultra" әлемдік жарысында әріптесіміз - "Ембімұнайэнерго" басқармасының 5-разрядты электр монтері Марат Оразалиев жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Ептілік пен шапшаңдық, төзімділік пен жігерлілік сарапқа түскен жарыста жүлделі І орынды испаниялық атлет иеленсе, ІІ орынды Алматы қаласынан қатысқан марафоншы еншіледі. Ультрамарафонға әлемнің түкпірінен 200-ден қатысушы өз таңдауы бойынша 7-150 шақырым аралығындағы қашықтықтарға жүгірді. Әріптесіміз 110 шақырым қашықтыққа 12 сағатта жетті.
Жарыстың бір талабы – жолдың бойындағы кедергілерді еңсеру. Ультрамарафон барысында биік каньондарға шығып, төмен түсу, желдің салдарынан көтерілген шаңға төтеп беру – басты мақсатымыз болды. Дегенмен, ең қиынға соққаны 40 градус ыстыққа шыдау еді. Ең бастысы, физикалық мықты дайындық және адам ағзасы толыққанды сай болуы керек, - дейді әлемдік ультрамарафонға қатысқан әріптесіміз.
Марат Оразалиев бұған дейін де көптеген экстремалдық жарыстарда бағын сынап келді. Биыл Түркия, Әзірбайжан және Қазақстанда (Астана қаласы) өтетін Ironman 70.3 триатлон жарыстарына қатысуды жоспарлап отыр.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!