Главная Новости Ембімұнайгаз – 100 жыл: «Доссор саябағы» ашылды
22 қазан 2022, 09:30 2539

Ембімұнайгаз – 100 жыл: «Доссор саябағы» ашылды

Ембімұнайгаз – 100 жыл: «Доссор саябағы» ашылды

Атырау облысындағы іргелі отандық кәсіпорынның 100 жылдығының аясындағы ауқымды жұмыстар жалғасын тауып жатыр.

Мемлекеттік мейрам – Республика күні қарсаңында Мақат ауданы Доссор кентінде «Ембімұнайгаз» АҚ-ның қолдауымен «Доссор саябағы» салтанатты түрде ашылды.

Саябақтың ашылу салтанатына Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов, «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Гүлбану Шарафетдинова және ембілік ардагерлер, басқарма ұжымы мен кент тұрғындары қатысты.

Доссор саябағы заман талабына сай салынған. Мұнда спорт ойын алаңдары салынып,жергілікті халықтың демалысына қажетті жағдай толықтай ескерілген. Саябақты аралап көрген доссорлықтар мемлекеттік мейрам қарсаңында осындай тамаша нысанды тарту еткен ембілік мұнайшыларға алғыстарын білдірді.

Айта кету керек, «Ембімұнайгаз» АҚ-ның жергілікті халықтың игілігіне тапсыратын нысандары жалғасады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: