Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Байқау мақсаты: Жұмысшы мамандық иелерінің еңбегін насихаттау; Мұнай саласында еңбек етіп жүрген мамандардың кәсіби шеберлігін, сол ортада орын алған тәлімгерлік құндылықтарды және өндірістік процесті көркем форматта көрсету және құрметтеу; Ішкі коммуникацияны және ұжымдық тұтастықты нығайту.
Байқау қатысушылары: «Ембімұнайгаз» АҚ өндірістік-құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері.
Байқау аталымдары:
1-номинация: «Жанымда жүр жақсы маман» (видео). Байқауға қатысушы өзінің әріптесі/ тәлімгеріне деген құрметін көрсетеді.
Видео мазмұнына қойылатын талаптар:
Кейіпкердің (ұстаз, тәлімгер немесе әріптес) кім екенін таныстыру;
Оның еңбек жолы мен кәсіби жетістіктері туралы қысқаша ақпарат;
Қатысушыға қалай және немен әсер еткені туралы жеке пікір;
Қажет болса, бірлескен жұмыс сәттерінен үзінділер.
2-номинация: «Бір күнім – бір минутта» (видео) Қатысушы өзінің жұмыс күні, өндірістегі қызметі және еңбек ететін бөлім/цех туралы баяндайды.
Видео мазмұнына қойылатын талаптар:
Қатысушының аты-жөні, қызметі мен еңбек өтілі;
Таңертеңгі жұмысқа келуден бастап күн соңына дейінгі қысқаша жұмыс барысы;
Қандай міндеттер атқаратыны, қандай жабдықпен жұмыс істейтіні;
Цех/участок ерекшеліктері мен команда туралы қысқаша мәлімет, ұжымдағы ішкі аура.
Екі номинация бойынша байқау материалдарына қойылатын талаптар: Форматы – MP4 немесе MOV, 9:16 (тігінен), Reels; Ұзақтығыы: 1 аталым – 1-1,5 минуттан, 2 аталым – 1 минуттан аспауы керек; Жанры – шектеу жоқ; Видеоның ішінде кейіпкердің жұмысы, атқаратын қызметі анық, түсінікті жеткізілуі керек. Қажеттілікке орай, қосымша қысқа ақпарат (5 сөйлемнен аспайтын) беруге болады; Қауіпсіздік ережелерінің сақталуы міндетті; Видеотүсірілімнің креативтілігі ескеріледі.
ЕСКЕРТУ: Кейіпкер – жұмысшы мамандық иесі болуы міндетті! Көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін, хронометражы ұзақ видео конкурсқа қатысуға жіберілмейді!
Конкурс материалдарын қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 15 шілдеден 15 тамызға дейін
* Бір қатысушы 1 аталымға ғана қатыса алады;
* Қатысушылар өз жұмыстарын QR арқылы TELEGRAM жіберуі керек;
•Конкурсқа жіберілген материалдар байқау қорытындысы шыққанға дейін еш жерде жарияланбауы қажет;
* Жеңімпаздарды арнайы құрылған тәуелсіз әділқазылар алқасы анықтайды;
•Әр аталым бойынша жүлделі 3 орын анықталады, жеңімпаздар арнайы сыйлықпен марапатталады;
•Марапаттау шарасы кәсіби мереке қарсаңында Бас кеңседе салтанатты форматта ұйымдастырылады;
•Үздік жұмыстар байқау қорытындысы шыққан соң, Компанияның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады.