Главная Новости «Ембімұнайгаз» АҚ тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті
08 мая 2026, 12:42 49

«Ембімұнайгаз» АҚ тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті

«Ембімұнайгаз» АҚ  тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті

«Ембімұнайгаз» АҚ бойынша бүгінде 21 тыл ардагері бар. Ел басына күн туған шақта Ембі мұнайшыларымен қатар тұрып, ерен еңбектерімен жеңісті жақындатуға үлес қосқан тыл ардагерлері қашанда құрметке лайық. Компанияда аға буынға құрмет көрсету, ардагерлерді ардақтау шаралары игі үрдіске айналған. Әсіресе, жыл сайын Жеңіс мерекесі қарсаңында кәсіпорын басшылары тыл ардагерлерінің үйлеріне барып арнайы құттықтайды. Биыл да осы дәстүр жалғасын тапты.

Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты Тасмағамбетова, геология және игеру жөніндегі орынбасары Ернұр Тасеменов, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бағыт Сматуллин бастаған топ тыл ардагерлері Шол Абдрахманова, Зоя Баркимбаева, Атбекен Басаров, Аманжол Кенжиев, Григорий Ревков, Хамит Губайдуллин, Махаш Рахметовтың шаңырақтарына барып, ізгі тілектерін арнады, кәсіпорын атынан сый-сияпат табыс етті.

Мерекеде сый-құрметке бөленген қариялар Компания қызметкерлеріне шынайы алғысын білдіріп, қызметтеріне абырой тілеп, ақ баталарын берді. Компанияға қарасты өндірістік басқармалар басшылары да аудандарда тұратын тыл ардагерлерін мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін арнауда.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: