Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2023 жылдың 30 маусымынан бастап, «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары және Басқарма мүшесі болып, Марат Елеусінов тағайындалды. «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Сәбит Арынов лауазым иесін жаңа қызметпен құттықтап, жұмысына табыс тіледі.
«Ембі өндірісінде тұрақтылықты қалыптастыру үшін жаңа жобалар, тың идеяларды қабылдап, іске қосу алдымен осы кабинеттен бастау алады. Қазақ мұнайының бастауында тұрған Ембі өндірісін жан-жақты дамыту жолында өзіңізді кәсіби маман ретінде көрсете біледі деген сенімдемін», - деп атап өтті Компания басшысы Сәбит Арынов.
Марат Қайырбекұлы Елеусінов еңбек жолын «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалында 3-разрядты мұнай және газ өндіру операторы болып бастаған. Қызметтік жолында бірнеше лауазымды міндеттерді абыроймен атқара білді.

«Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасының №2 мұнай-газ өндіру цехының инженер технологы, өндірістік-техникалық бөлімінің ұңғымаларды ағымдағы жөндеу және жайғастыру тобының мұнай және газ өндіру инженері, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ өндірістік-техникалық бөлімі мұнай, газ және суды өндіру және өңдеу тобының мұнай және газ өндіру жөніндегі жетекші инженері, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Орталық аппараты мониторинг және өндірісті жедел басқару департаментінің жетекші инженері, мониторинг және өндірісті жедел басқару департаментінің директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай-газ өндіру департаменті директорының орынбасары, мұнай-газ өндіру департаментінің директоры, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.
2021 жылдың шілде айынан бастап «Ембімұнайгаз» АҚ Бас технологы, 2023 жылдың 30 маусымынан бастап «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
125
12 декабря 13:01
АО «Самрук-Қазына» снова в числе лидеров нефинансовой отчетности
117
11 декабря 22:17
Кто работает на ПНХЗ: прибористы