Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Ембімұнайгаз» АҚ 2024 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік құрылымдық бөлімшелер арсында еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі бойынша жыл сайынғы байқаудың қорытындысын шығарды.
Комиссия мүшелері жеңімпаздарды 13 номинация бойынша анықтады. «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Абат Құтжанов жеңімпаздарды марапаттау шарасында Компанияның әрбір қызметкерінің қауіпсіздік қағидаттарын сақтауға үлкен жауапкершілікпен қарау қажеттілігін атап өтті. «Біздің басты мақсатымыз – қауіпсіздік жағдайлар бойынша нөлдік көрсеткішке қол жеткізу. Ол үшін ашықтық, сенім және жауапкершілік принциптерін ұстануымыз қажет. Ең бастысы – адамның өмірі, жұмысшының отбасына аман-есен оралуы» деп атап өтті Абат Құтжанов.
Негізгі өндірістік-құрылымдық бөлімшелер арасындағы «Оқиғасыз күндер» номинациясы бойынша «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы (МГӨБ) жеңімпаз деп танылып, басқармаға сайыстың арнайы кубогы табыс етілді. Екінші орынды «Доссормұнайгаз» МГӨБ, ал, үшінші орынды «Жайықмұнайгаз» МГӨБ ұжымдары иеленді. Осы номинация бойынша қосымша өндірістік-құрылымдық бөлімшелер арасында «Ембімұнайэнерго» басқармасы үздік деп танылып, сайыстың кубогымен марапатталды. Жүлделі 2-орынға «ӨТКжЖК» басқармасы ие болды.
«Ұңғымаларды жер асты жөндеу бойынша үздік команда» номинациясы бойынша 1-орынға «Қайнармұнайгаз» МГӨБ №7 бригадасы, 2-орынға «Доссормұнайгаз» МГӨБ №3 бригадасы мен 3-орынға «Жайықмұнайгаз» МГӨБ №11 бригадасы лайық деп танылды.
«Үздік цех» номинациясы бойынша «Қайнармұнайгаз» МГӨБ «Мұнай дайындау және айдау цехы» үздік деп танылса, екінші және үшінші орындарды «Доссормұнайгаз» МГӨБ «№4 Мұнай және газ өндіру цехы» мен «Жайықмұнайгаз» МГӨБ «№3 Жаңаталап мұнай және газ өндіру цехы» өзара бөлісті. Осы номинацияның ынталандыру марапатына «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ «Газ дайындау және күкірт алу цехы» ие болды.
Сонымен қатар «Үздік участок, база, колонна», «Үздік жүргізушісі»,«Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор»,«Үздік электромонтерлер бригадасы», «Үздік эколог-инженері», «Үздік үлгілі құжаттама жүргізу», «Үздік рұқсат-жүктелім жүргізу» номинацияларының жеңімпаздары анықталды. Барлық жеңімпаздар ақшалай сертификаттармен марапатталды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
68
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
77
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы