Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Күшіміз бірлікте» акциясына өңірдегі мұнай-газ компаниялары «Ембімұнайгаз» АҚ мен «ҚазТрансОйл» АҚ компанияларының еңбекші жастары да үлкен үлесін қосты. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Жастар одағының Атырау облысы бойынша аумақтық төрағасы, «Ембімұнайгаз» АҚ "Ембімұнайэнерго" басқармасының әлеуметтік сұрақтар бойынша әкімшісі, «Жеті қадам» жобасының түлегі Бибігүл Ерниязованың бастамасымен жастар 1 миллион теңгеге жуық қаражат жинаған.
«Қаражатқа қиын жағдайға қалған Ақтөбе, Арқалық облысындағы отандастарымызға гуманитарлық көмек жөнелттік. Сонымен қатар, қалада үйін су басқан тұрғындарға азық-түлік, тұрмыстық қажеттіліктер тараттық. Ондай заттардың қатарында дәрі-дәрмек, көрпе, жастық, жамылғылар, азық-түлік, балаларға арналған заттар және өзге де тұрмыстық қажеттіліктер бар», – деп атап өтті Бибігүл Ерниязова.
Мұнайшы жастар демалыс күндеріне қарамастан, 30-31 наурыз күндері қиын жағдайда қалған жерлестерінің қасынан табылып, көмек қолын созған. Сонымен қатар, 1 сәуір күні таңғы 7-ден 11-ге дейін ерікті жастар гуманитарлық көмекті көлікке тиеп, жөнелтуге көмектескен.

Одан бөлек, жастар 1 сәуірде Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы су басу қаупі бар мекендерге 20 күрек, 300 қапшық, 20 фонарь, 100 қолғап жіберді.
«Қалтасынан қаражат бөліп, көмек көрсеткен мейірімді жандарға, ерікті жастарға алғыс айтамыз», – деп ризашылығын білдірді белсенді жастардың өкілі Бибігүл Ерниязова.

Атыраудағы Жастар ресурстық орталығының басшысы Мәнсия Сағидоллаеваның айтуынша, гуманитарлық көмек заттары «Күшіміз – бірлікте!» акциясы аясында үш күнде жиналған.
«Еліміздің біраз өңірі су тасқынынан зардап шекті. Отандастарымыз табиғи апаттың қыспағында қалып, қиналған сәтте қолдау білдіруді жөн көрдік. Сол себептен, «Күшіміз – бірлікте!» акциясы аясында облыстық ішкі саясат басқармасы арнайы штаб құрған болатын. Үш күнде атыраулықтар 8 тонна азық-түлік, киім, гигиеналық заттар мен дәрі-дәрмек жинады. Гуманитарлық көмекті жинауға жергілікті кәсіпкерлер мен белсенді азаматтар, қалалық және облыстық мәслихаттардың депутаттары, тіпті қарапайым тұрғындар үлес қосты», – деді Мәнсия Сағидоллаева.
Атырау халқының атсалысуымен 2 жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек заттары Ақтөбе облысына жіберілді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
171
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету