Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Атырау облысы Мақат ауданының Доссор кентінде жалпы ауданы 700 шаршы метрді құрайтын музей-кітапхананың құрылысы толық аяқталды. Бүгінгі таңда нысанға қажетті жабдықтар мен жиһаздар жеткізілуде.
Жергілікті тұрғандардың бастамасымен қолға алынған жобаны «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы — «Ембімұнайгаз» іске асырды. Заманауи талаптарға сай салынған ғимаратта барлық жаңа инженерлік жүйелер қарастырылған. Нысанның бір қанатында музей, екінші бөлігінде кітапхана орналасқан.
Кітапханада 50 оқырманға арналған оқу залы компьютерлермен толықтай жабдықталған. Сонымен қатар балаларға арналған алаң, көру қабілеті төмен жандар үшін Брайль жүйесімен жасақталған бөлмелер бар.
Музейдегі экспозиция залы бірнеше тақырыптарға бөлінген: этнография, мұнай-газ саласының және өңірдің тарихы. Айта кететін жайт, Доссор — тарихи маңызы зор мекен. Дәл осы жерде XX ғасырдың басында қазақ жерінде мұнай алғаш рет өндіріле бастаған.
Бұл кешен тарихи-мәдени мұраны сақтауға бағытталған, сондай-ақ аудан тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуі мен рухани дамуына мүмкіндік береді.
Айта кетсек, ҚазМұнайГаз әлеуметтік жауапты компания ретінде өз кәсіпорындары орналасқан өңірлерде білім беретін, мәдени, медицина және спорт нысандарының бой көтеруіне үнемі мән беріп келеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!