Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Ембімұнайгаз» АҚ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы 2023 жылдың 10 айындағы көрсеткіштері еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және өндірістік қауіпсіздік комитетінің отырысында кеңінен талқыланды.
Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Марат Елеусінов: «Компания және мердігер ұйымдардың әрбір қызметкерінің әрқашан жұмыстан аман-есен отбасына оралуы қажет деген ұстанымдамыз. Себебі, ешбір өндірістік жетістіктер адам өмірінің бағасына тең келмейді. Сондықтан, әрбір ембілік және мердігер ұйымның қызметкерлері «Өмірлік маңызды қағидаларды» қатаң сақтауы қажет» дей келе, оқиғалардың қайталануын алдын алу мақсатында, оның түп тамырын анықтау және бір өндірістік құрылымдық бөлімшеде болған оқиға екіншісінде қайталанбауы үшін тиісті шаралар жүргізу қажеттігін баса айтты.
Комитет отырысына басқару аппаратының қызметкерлері офлайн, ал өндірістік-құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен жауапты мамандары онлайн режимде қатынасты.
Ең алдымен, қазіргідей қолайсыз ауа-райы жағдайындағы қауіпсіздік мәселесі көтерілді. Соның ішінде тайғақ кезіндегі іс-әрекеттер, қорғану жолдары, қауіп-қатердің алдын алу, қыс мезгіліндегі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаудың маңыздылығы баса айтылды.
Осыдан соң, Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бойынша биылғы 10 айдағы алпы көрсеткіштер баяндалды. Өндірісте қауіпсіздік саласын оңалту, көрсеткіштерді жақсарту жолында «Қорғау» картасының маңызы зор. Соған сай, ембіліктер қаңтар-қазан аралығында 3401 карта толтырған.
Жұмысшы қауіпсіздігінің маңызды тармағының бірі – арнаулы киімнің қауіпсіз, талапқа сай, қонымды болуы. Жиын барысында бұл мәселе де көтеріліп, жауапты мердігер мекеменің басшысы қойылған сауалдарға жауап берді. Өз кезегінде қызмет көрсетуші тарап аталған тақырыптың «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Сәбит Арыновтың тарапынан да назарға алынып отырғанын айта келе, ембілік жұмысшылардың өтініштерін жеке тыңдау мақсатында таяу уақыттарда өндірісті аралау жоспарланып отырғанын жеткізді.
Комиссия отырысын қорытындылаған «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының орынбасары Марат Елеусінов қауіпсіздік мәселесінің өте маңызды, әрқашан өзекті екенін атап, айтылған әр ескертпені қабылдап, соның аясындағы жұмыстарды жалғастыра беру керектігін жеткізді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
86
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
96
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы