Главная Новости Ембімұнайгаз: қауіпсіздік– саналы таңдау
09 июля 2025, 10:51 560

Ембімұнайгаз: қауіпсіздік– саналы таңдау

Ембімұнайгаз: қауіпсіздік– саналы таңдау

«Ембімұнайгаз» АҚ Еңбекті және қоршаған ортаны қорғаудепартаментінің директоры Әнуарбек Каримов Petrocouncil Қазақстан мұнай-газ кеңесінің мұнай-газ саласындағы қауіпсіздік жөніндегі PetroHSE-2025 бірінші салалық конференциясында сөз сөйледі.

Шара еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы 200-ге жуық мамандардың басын қосты. Мұнай-газ саласындағы қауіпсіздік мәдениеті мен көшбасшылық мәселелерін қамтыған стратегиялық сессия аясында Әнуарбек Каримов «Ембімұнайгаз» АҚ-ның еңбекті қорғаудың тиімді жүйесін құрудағы бірегей тәжірибесі туралы айтты. Бұнда әлемдік тәжірибелермен қатар, Компанияның мұнай өндірудегі 100 жылдан астам тарихындағы үздік нәтижелері енгізілген.

ЕМГ жобалары мен қауіпсіздік саласындағы іс-шаралар «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобындағы әріптестерімен білім және тәжірибе алмасу арқылы халықаралық стандарттар негізінде үнемі жетілдірілуде.

– Қауіпсіздік – бұл біздің қызметкерлердің саналы таңдауы, – деп атап өтті спикер,– жұмысшылардың өмірі мен денсаулығы – басты әрі маңызды құндылық.

Сессияға қатысушылар қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың негізгі мәселелерін талқылап, пікір алмасты, озық тәжірибелерімен бөлісті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: