Главная Новости Ембімұнайгаз қызметкері Human capital days Kazakhstan халықаралық форумына қатысады
12 сәуір 2023, 16:50 1207

Ембімұнайгаз қызметкері Human capital days Kazakhstan халықаралық форумына қатысады

Ембімұнайгаз қызметкері Human capital days Kazakhstan халықаралық форумына қатысады

Астана қаласындағы «Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдастыруымен өткен «Болашағымыз – бірлікте!» атты HR форумда «Ембімұнайгаз» АҚ-ның өндіріске қажетті маман дайындау бойынша әлеуметтік бағдарламасы үздік деп танылды.

Аталмыш бағдарлама 2022 жылдың қараша айындағы «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма шешімімен бекітілген болатын. Бағдарламаның мақсаты – отбасылары әлеуметтік осал санатқа жататын қызметкерлердің балаларын қолдау, оларды Атырау облысының колледждерінде оқыту арқылы компания үшін өзекті мәселенің бірі – өндіріс қажеттілігіне сай кадрлар даярлауды тиімді шешу.

Бағдарламаға қатысушылар «Ембімұнайгаз» АҚ есебінен барлық қажетті заттармен (оқыту, тамақтану, жатын орын, арнайы киім және тағы басқа) қамтамасыз етілетінін атап өткен жөн.

HR форумының қорытындысы бойынша жоғарыда аталған бағдарламаны әзірлеушілердің бірі – «Ембімұнайгаз» АҚ кадрларды басқару және еңбекақы төлеу департаментінің мамандарды іріктеу және дамыту бөлімінің бастығы Алтынай Берегенова осы жылдың мамыр айында Астанада өтетін Human capital days Kazakhstan халықаралық форумына қатысуға сертификат алды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: