Главная Новости Ембімұнайгаз «Мен – ембілікпін» байқауын жариялады
28 сәуір 2023, 16:10 1371

Ембімұнайгаз «Мен – ембілікпін» байқауын жариялады

Ембімұнайгаз «Мен – ембілікпін» байқауын жариялады

«Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты өндірістік құрылымдық бөлімшелер мен басқару аппараты ұжымы арасында «Мен – ембілікпін» байқауы өтеді. Бұл туралы Ембімұнайгаздың баспасөз қызметі таныстырды.

Төменде байқау туралы ЕМГ хабарламасын ұсынамыз.

Бұл – дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан шара. Осы уақытқа дейін шығармашылық бағытты ұстанған байқаудың шарты мен талаптарына биыл өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдадық.

Ғасырлық белесті бағындырған Ембі өндірісінің тарихына қатысты былтыр көптеген ізденістер жүргізіліп, тарихи деректер зерделенді. Көне тарихтың қойнауында жатқан құжаттарды қолымызға ұстап, беймәлім деректермен, жаңа есімдермен таныстық.

Десек те, қатпарлы тарихтың қалтарысындағы құпия құжаттар әлі де көп екені анық. ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ. Біздің осынау өмірлік маңызы зор миссиямызды жүзеге асыру үшін биыл «Мен – ембілікпін» байқауы төмендегі 3 номинация бойынша өткізіледі.

БАЙҚАУДЫҢ НОМИНАЦИЯЛАРЫ

1. «Бір фотоның тарихы» (Отбасылық мұрағатта, жеке қорда сақталған ескі суреттер жолданады. Белгілі бір оқиғаға немесе салаға қатысты кез-келген атрибут бейнеленуі қажет. Суретке қатысты толық мәлімет қоса жіберіледі)

2. «Құнды құжат – көненің көзі» (Бұрын-соңды жарияланбаған, Ембі өндірісіне қатысты мәлімет, деректер келтірілген ескі құжаттар жолданып, түсіндірме мақала қоса беріледі)

Ескертпе: аталған 2 номинация бойынша сурет, құжаттардың түпнұсқасын жолдау міндетті емес, сапалы жасалған көшірмелер жарамды.

3. «Ұмытылған есімдер» (Ембі өндірісінің дамуына өзіндік мол үлес қосқан, бүгінде есімі жадылардан өше бастаған еңбек адамдары туралы естеліктер, тарихи құжаттар)

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ

- Тарихи жадыны толықтырып, беймәлім, бұрын жарияланбаған деректерді жинақтау. Ембі өндірісіне қатысты мәліметтерді топтастыру. Ортақ мақсатқа жұмысшыларды ынталандырып, тарихқа үңілуге, өз саламызды жетік білуге ұмтылдыру.

БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс тобы.

БАЙҚАУҒА ЖОЛДАНАТЫН ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КЕЗЕҢІ

Байқау жарияланған уақыттан бастап, 2023 жылдың 26-маусымына дейін.

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Жобалар/шығармашылық жұмыстар төмендегі критерийлер бойынша бағаланады: ұсынылған жұмыстардың байқау мақсаттарына сәйкестігі, материалдың жаңалығы және оны жеткізу форматы, тақырыптың жан-жақты ашылуы т.б.

БАЙҚАУДЫҢ ШАРТЫ

• «Мен – ембілікпін» байқауына Компанияға қарасты басқармалардың, Басқару аппаратының кез-келген жұмысшы-қызметкері қатыса алады. Байқауға қатысушы бірнеше номинация бойынша жұмыстарын жолдай алады.

• Жұмыстарды «БАЙҚАУҒА» белгісімен «Ембімұнайгаз» АҚ бас кеңсесіне (мекен-жайы: Ш.Уәлиханов көшесі, 1) 105-кабинетке немесе Қоғаммен байланыс тобы қызметкерлерінің электронды адрестеріне: G.Karajanova@emg.kmgep.kz (байланыс телефоны – 21-121, 99-34-21), I.Satylganova@emg.kmgep.kz (байланыс телефоны – 21-166, 99-34-66), G.Amirova@emg.kmgep.kz (байланыс телефоны – 21-309, 99-32-09) жолдай аласыздар.

Байқау жеңімпаздарын компанияның топ-менеджерлері, кәсіподақ ұйымының және жауапты департаменттердің басшылығынан құралған құзыретті қазылар алқасы анықтайтын болады.

• Үздік жұмыстар «Ембімұнайгаз» АҚ-ның корпоративтік басылымы «Ембі тынысы» газетінде, Компанияның www.emba.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына орналастырылады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: