Главная Новости Ембімұнайгаз наряд-рұқсат жүйесін цифрлық форматқа көшірді
24 августа 2026, 18:42 49

Ембімұнайгаз наряд-рұқсат жүйесін цифрлық форматқа көшірді

Ембімұнайгаз наряд-рұқсат жүйесін цифрлық форматқа көшірді

«Ембімұнайгаз» АҚ-да 2024 жылдан бастап аса қауіпті жұмыстарды орындауға арналған наряд-рұқсаттарды электронды түрде рәсімдеу жүйесі енгізілді. Платформа электр техникалық, өрт және газ қаупі бар, жүк көтеру, жер қазу, жөндеу және биіктіктегі жұмыстар жүргізілетін барлық өндірістік нысандарда қолданылады. Бүгінде наряд-рұқсаттарды рәсімдеу, келісу мен бақылау процестері толықтай цифрландырылған.

Мамандар құжатты жүйеде рәсімдеп, жұмыс түрін таңдайды, қажетті қауіпсіздік шараларын белгілеп, наряд-рұқсатты келісу мен бекітуге жолдайды. Қол қою дербес компьютер арқылы және өндірістік нысандарда ұялы құрылғы арқылы смарт-карта немесе eGov Mobile қосымшасының көмегімен жүзеге асырылады. Наряд-рұқсатты рәсімдеу мен келісудің барлық кезеңі онлайн режимде бақыланады.

Цифрландыру басталғалы бері 30 мың наряд-рұқсат жасалып, аса қауіпті жұмыстарды орындауға 48 мың өкім берілді. Бұл ретте 8 мыңға жуық адам-сағат үнемделіп, қызметтік сапарларға байланысты 82 мың шақырымнан астам жол қысқарды. Электронды форматқа көшу нәтижесінде наряд-рұқсаттарды рәсімдеу уақыты 1-3 күннен 1-3 сағатқа дейін қысқарды.

Шешім шығару екі есеге тездетіліп, кен орындары мен мұнай-газ өндіру басқармалары арасындағы жұмыс сапарларының саны азайды. Жалпы, цифрландыру процестердің ашықтығын арттырды, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауды күшейтті, адами фактордың әсерін азайтты және өндірістік тәртіптің нығаюына ықпал етті.

Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ҚазМұнайГаз компаниялар тобы өзінің өндірістік активтерінде операциялық тиімділікті арттыру үшін цифрлық шешімдерді енгізуді жалғастыруда.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: