Главная Новости "Ембімұнайгаз" С жоспарына көшті

"Ембімұнайгаз" С жоспарына көшті

"Ембімұнайгаз" С жоспарына көшті emba.kz

Бұған дейін хабарланғандай, «Ембімұнайгаз» АҚ кен орындарында ембілік және мердігер компаниялар жұмысшыларының арасында COVID-19 жұқтыру жағдайларының анықталуына байланысты, ағымдағы жылдың наурыз айында бекітілген С жоспары (жұмысшылардың кен орындарында немесе ЕМГ әкімшілік ғимараттарында инфекция анықталған жағдайда) аясында қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлайды компанияның қоғаммен байланыс қызметі.

Қазіргі уақытта Ембі кен алаңдарының вирус жұқтырған жұмысшыларының басым бөлігі Атырау және Құлсары қалаларындағы стационарлардан және Береке мөлтек ауданындағы карантиндік оқшаулау орындарынан шығарылды. Теріс нәтиже анықталған байланыстағы барлық жұмысшылар жұмыс орындарында бақылауда. Жуық арада «Қайнармұнайгаз» және «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ өндірістік қызметкерлері мен мердігер компаниялардың жұмысшылары арасында болатын вахта ауысымы ЕМГ кен орындарына кіру және шығудың жаңа алгоритміне сәйкес жүзеге асырылады. Аталған алгоритмге сәйкес, ЕМГ-нің және мердігер компаниялардың барлық жұмысшылары вахтаға кіру үшін ПТР тесттерінің теріс нәтижесі шыққанға дейін мамандандырылған оқшаулау орнында (Атырау қаласындағы қонақүйде) 5 күн карантинде болады. Ал, жаңа вахта кен орындарындағы барлық нысандарға толық дезинфекция жасалғаннан кейін жұмысқа кіріседі.

С жоспарын іске асыру аясында компанияның барлық нысандарындағы ЕМГ мен мердігер компаниялардың қызметкерлер саны мұнай өндіру мен дайындаудың өндірістік циклын және маңызды бизнес-үдерістерді қамтамасыз ету үшін қажетті ең төменгі деңгейге дейін азайтылды. Басқару аппараттары қызметкерлерінің 70% -ы қашықтықтан жұмыс жасауда.

ЕМГ-нің барлық кен алаңдары штаттық режимде жұмыс жасауда. Барлық нысандарда қатаң санитарлық-дезинфекциялау режимі енгізіліп, профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізіліп, компанияның жедел штабы жергілікті атқарушы органдармен және санитарлық қызметтермен тікелей байланыста жұмыс жасауда.

Выпуски SK NEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Нур-Султан, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: