Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ембіліктер атыраулық зейнеткерге қолұшын созып, баспана мәселесінің оңды шешілуіне демеушілік көмек көрсетті.
Өткен жылдың соңында Атырау облыстық мәслихатының депутаты, «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Қанатбек Қасымғалиевтің Nur Otan партиясы Атырау облыстық филиалында өткізген қоғамдық қабылдауында болған Хасан Галиев есімді азамат Атырау қаласының Химпоселок ауданында тұратын зейнеткер апасының мәселесін көтерген болатын. Депутаттан қолдау сұрап, мәселенің оңды шешілуіне жәрдем беруін өтінді.
Азаматтың өтінішін тыңдағаннан кейін Қанатбек Махмудұлы Nur Otan партиясы Атырау облыстық филиалы қызметкерлерімен бірге арыз иесінің үйіне барып, баспананың жағдайымен толық танысты. Қарт ана 2 топ мүгедектігі бар қызымен бірге тұрады. Үйінде жылу жүйесінде ақау болып, жылусыз қалғандықтан, жиендерін уақытша интернатқа тапсыруға мәжбүр болған. Отбасының асыраушысы жоқ, мүгедек қызының да жолдасы қайтыс болған.
Мәселені толыққанды зерделеген облыстық мәслихат депутаты, ЕМГ Басқарма төрағасының орынбасары Қанатбек Қасымғалиев бұл отбасыға қуаныш сыйлау мақсатында ұжымға үндеу жариялап, көмекке зәру отбасына қолұшын созуға шақырды. Бұған дейін де ауызбіршілігімен, жомарттығымен ерекшеленіп келген «Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты «Өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау» басқармасының ұжымы бұл бастаманы бірауыздан қолдады. Өз күштерімен қаражат жинап, баспанаға жөндеу жұмыстарын жүргізуге демеушілік көрсетті. Басқарма қызметкерлері 2 айға жуық уақыт бойы үйдің ішкі күрделі жұмыстарын жүргізу, жылу жүйесін ретке келтіру, есік-терезелерін ауыстыру, үй шарбағын қоқыстардан тазалау, кәріз жүйесін жүргізу және тағы басқа ауқымды жұмыстарды жасады.


Жуырда ӨТҚжЖК басқармасы қызметкерлері жөндеу жұмыстарын аяқтап, баспананы иелеріне табыстады.
«Үйімізді жаңартып, жылу тартып берген мұнайшыларға рахмет. Шынымды айтса, Nur Otan партиясына көмек сұрап жазғанымызда, жылу қазандығын орнатып, іске қосып берсе деген ниетіміз болған. Баспанамызды толық жөндеп, есік-терезелерді жаңартып, кәріз жүйесін реттеп, газды тартып береді деп күткен жоқпыз. Ембі мұнайшыларына аналық алғысымды айтамын. Еңбектеріңіз жемісті болсын», – деді тұрғын үй иесі Уақиза Галиева.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
68
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
77
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы