Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Компанияда салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға бағытталған Сауықтыру бағдарламасы іске қосылды.
Бағдарлама аясында бірқатар жобалар іске қосылды.
«Jana Men» корпоративтік марафоны қызметкерлерді дене белсенділігін арттыруға, артық салмақтан арылуға және денсаулығына жауапкершілікпен қарауға ынталандырады. 28 күнге созылатын марафонның қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталады.
«QadamGo-2026» – арнайы мобильді қосымша арқылы қатысушылардың 14 күн ішінде жасаған қадамдары есептелетін челлендж. Қазіргі таңда аталған марафондарға қатысушылар саны артып отыр.
Сонымен қатар кеңсе қызметкерлеріне арналған өндірістік гимнастика жобасында жасанды интеллект негізінде әзірленген арнайы бейнероликтер жұмыс күні барысында компьютерлерге қосылып, қызметкерлердің дене жаттығуларын жасауға мүмкіндік береді. Бұл да, өз кезегінде қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға, жаттығу жасау дағдысын күнделікті әдетке айналдыруға үлкен септігін тигізбек.
Сауықтыру бағдарламасының басты қағидаты – ауруды емдеуден бұрын оның алдын алу. Ал, оның алғашқы қадамы – дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру.
Осы орайда, сәуір айынан бастап ембілік кен орындарының асханаларында жұмыскерлерге арналған дұрыс тамақтану мәзірі енгізілді. Жобаның басты мақсаты – мұнайшылардың денсаулығын нығайту, ағзаның энергия теңгерімін сақтауға ықпал ету және артық салмақ пен созылмалы аурулардың алдын алу.
Ас мәзірі асхананың қалыпты жұмыс тәртібін өзгертпей ұйымдастырылып, арнайы бөлінген үстелде ұсынылады. Тағамдар пайдалы қасиеттерін сақтайтын әдістермен – бумен, бұқтырып және пароконвектоматта дайындалады. Таңғы, түскі және кешкі ас мәзіріне ақуызға, дәрумендер мен пайдалы көмірсуларға бай тағамдар енгізілген. Бұл бастама «Ембімұнайгаз» АҚ-ның ұсынысымен «KMG EP-Catering» ЖШС мамандарының қатысуымен жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда дұрыс тамақтану жобасы компанияның кен орындарындағы 32 асханада енгізілген.
Жоба енгізілгелі және марафондар іске қосылғалы бері мәзірге деген сұраныс әр вахта сайын артып келеді. Бұдан бөлек, бағдарлама аясында психологтардың қатысуымен тренингтер, дұрыс тамақтану бойынша семинарлар, шеберлік сабақтары және санитариялық-ағарту жұмыстары ұйымдастырылады.
Айта кету керек, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткен «Алтын ұя» спорттық эстафетасы да осы бағдарламаның аясындағы жоба болатын. Отбасылық құндылықтарын дәріптеп, белсенді өмір салтын насихаттайтын шараға компанияға қарасты әр бөлімшеден жанұялар қатысып, белсенділік танытқан болатын.
Дені сау қызметкер – қауіпсіз өндіріс пен табысты компанияның негізі!
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!