Главная Новости «Ембімұнайгазда» коронавирусқа қарсы шаралар күшейтілді
17 маусым 2020, 15:11 1544

«Ембімұнайгазда» коронавирусқа қарсы шаралар күшейтілді

«Ембімұнайгазда» коронавирусқа қарсы шаралар күшейтілді munailymeken.kz

COVID-19 пандемиясы басталған кезден «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қолдауымен «Ембімұнайгаз» АҚ нысандарында инфекцияның таралуын және жұмысшылардың вирус жұқтыру жағдайларын болдырмау мақсатында кәсіпорнымызда тиісті барлық шаралар қолға алынуда, деп хабарлайды компанияның қоғаммен байланыс қызметі.

Әр жұмыскердің дене қызуын күн сайын өлшеу жұмыстары жалғасып, компанияның барлық нысандарында санитарлық режим қатаң сақталуда. ЕМГ және мердігер компаниялардың барлық қызметкерлеріне жұмыс орнына кіруге рұқсат алу үшін  COVID-19 ПЦР-тесттен міндетті түрде өтеді және т.б. Қолға алынған кешенді жұмыстардың арқасында пандемия басталған сәттен бастап ағымдағы жылдың маусым айына дейін ЕМГ-нің өндірістік нысандарында қызметкерлердің инфекция жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ. Аталған кезеңде ЕМГ-нің 3 жұмысшысының вирус жұқтыру жағдайы  жұмысқа шығу үшін міндетті скрининг кезінде анықталды.

Мемлекеттік органдар бекіткен алгоритмге сәйкес, ЕМГ-нің және мердігер мекемелердің қызметкерлері COVID-19 клиникалық белгілері бар жұмысқа жіберілмей, стационарларға орналастырылады. Ал, олармен байланыста болған адамдар карантинге жатқызылады.

Қолға алынған шараларға қарамастан, ағымдағы жылдың маусым айының басынан Жылыой ауданындағы Терең-Өзек, Қисымбай, Қызылқоға ауданындағы Кенбай кен орындарында  ЕМГ-нің 62 және мердігер компаниялардың 55 қызметкерінде COVID-19 анықталды. Бұған қоса, маусым айында міндетті скрининг кезінде ЕМГ-нің 19 жұмысшысынан вирус жұқтыру жағдайы тіркелді. Барлық жұмысшылар қажетті ем алу үшін Құлсары және Атырау қалаларындағы жұқпалы аурулар ауруханаларына жатқызылды. ҚР мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 6.06.2020 ж. бекітілген №39 Қаулысына сәйкес симптомсыз негізде ауырып жатқан жұмысшылар отбасының өзге мүшелерінен өзін оқшаулап, үй карантиніне орналастырылды. Ал, үй жағдайлары оқшаулау талаптарын сақтауға мүмкіндік бермейтін адамдар Атырау қаласының Береке ықшам ауданындағы арнайы жабдықталған үйлерге карантинге жатқызылды. ПЦР тесттері теріс нәтиже көрсеткен жұмысшылар жұмыс орындарында бақылауда.

Аталған мән-жайларды және Атырау қаласы мен Жылыой ауданындағы эпидемиологиялық жағдайларды ескере отырып, компания инфекцияға қарсы шараларды күшейтуде. Барлық нысандарда қатаң санитарлық-дезинфекциялау режимі енгізіліп, профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізіліп, компанияның жедел штабы жергілікті атқарушы органдармен және санитарлық қызметтермен тікелей байланыста жұмыс жасауда.

Барлық кен орындарында жұмыс штаттық режимде жүргізіліп келеді. «Жылыоймұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-нің және аталған өндірістік бөлімшелерде жұмыс істейтін «Ембімұнайэнерго» басқармасы қызметкерлері үшін жұмыс вахтасының мерзімі 14-тен 28 күнге дейін ұзартылды. Жаңа алгоритмге сәйкес вахтаға жіберілген ЕМГ және мердігер мекемелердің барлық жұмысшысы ПЦР-тесттен кейін вирус жұқтыруды болдырмау мақсатында 5 күндік карантинге жатқызылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында орталық аппараттың бір бөлігі дистанционды жұмыс режиміне жіберілді. Ал, қызметкерлердің бас кеңсе ғимаратында болу уақыты түскі үзіліссіз сағат 15.00-ге дейін қысқартылды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: