Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жаңа логотипте күн тәріздес шаңырақ және шуағын шашқан күн сәулесін бейнелеген.
Биыл Ембі тарихында елеулі жыл. Қазақ мұнайының қарашаңырағы «Ембімұнайгаз» АҚ-ның құрылғанына 100 жыл толады. Осыған орай, 2022 жылы мұнайлы Ембінің қазақ жеріндегі тарихи рөлін ескере отырып, мерекелік іс-шараларды облыс көлемінде атап өту жоспарланып отыр. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Осы орайда, аталған тарихи мерекеге орай Әлеуметтік саясат және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастыруымен Компания қызметкерлерінің арасында қазан айында «Үздік логотип» байқауы жарияланған болатын.
Байқауға 21 қызметкер қатысып, 34 жұмыс қабылданды.
Комиссия алқасы барлық жұмыстарды саралап, үздік логотипті таңдады. ЕМГ Геология және кен орындарын игеру департаменті Маркшейдер тобының маркшейдері Орынбасар Тасмағамбетовтың дайындаған логотип жобасы үздік деп танылды.
Компанияның 100 жыл толу мерейтойына арналған логотипте автор күн тәріздес шаңырақ және шуағын шашқан күн сәулесін бейнелеген. Мұнда шаңырақ бейнесі ғасырлық тарихы бар қазақ мұнайының қарашаңырағы саналатын қарт «Ембімұнайгаз» АҚ-ны аңғартса, ал, күннің 6 саулесі Компанияға қарасты алты өндірістік-құрылымдық бөлімшені көрсетіп тұр.

Шаңырақ астында қазақтың төрт түлігінің үлкені – түйе малының бейнесі 100 санына ұқсастырып белгіленген. Мұндағы себеп, қазақ мұнайы тарихының алғашқы кезеңдерінде мұнайды тасымалдау, түйе малы арқылы жүзеге асқаны белгілі.
Автор өз жұмысында 100 ғасырлық тарихты бір арнаға тоғыстыруға тырысқан. Терең мағынаны мазмұнды элементпен көрсете білген.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
32
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы
182
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде