Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ембі кен орындарын игеру елдегі өнеркәсіптің өзге салаларының, атап айтқанда мұнай тасымалдау жүйесінің пайда болуына және қалыптасуына себеп болғандығы баршаға аян. Демек, ғасырлық той көпке ортақ мереке.
Жуырда «Ембімұнайгаз» АҚ басшылығы еліміздегі мұнай құбыры инфрақұрылымындағы ірі кәсіпорын – «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Батыс филиалында әр түрлі лауазымдарда ұзақ жылдар еңбек еткен, бүгінде сала ардагерлері Фердинат Мамонов пен Снхчян Саркисті қабылдады.
Қабылдау барысында «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Есен Қайыржан еліміздің мұнай-газ саласының дамуында мұнай өндірушілермен қатар мұнай тасымалдаушылардың да еңбегі зор екенін атап өтті. Қабылдауға арнайы шақырылған қонақтар отандық мұнай өндіруші компанияның басшылығына алғыс айта отырып, ғасырлық тойдың баршаға ортақ екендігіне зор ықыласпен тоқталды.
«Құрмет» орденінің иегері, ҚР техника ғылымдарының кандидаты, «КазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының директоры болып ұзақ жылдар қызмет еткен Фердинат Абдрахманович Мамонов өзін мұнайшылар әулетінен екенін, атасы, әкесі, анасының қолтаңбасы Ембі өндірісінде сақталғанын зор мақтанышпен айтып өтсе, «Құрмет» орденінің иегері, Магистральды құбыр көлігінің Құрметті қызметкері Снхчян Саркис Седракович бүгінгі таңда өнім беріп отырған Ембі кеніштерінің біразында мұнайшылармен қатар жүріп, бірлесе еңбек еткен кездердегі ұмытылмас сәттерге шолу жасап өтті.
Салтанатты қабылдауда мұнай-газ саласының майталмандары-ардагерлер «Ембімұнайгаз АҚ-на 100 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
61
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
63
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы