Главная Новости Қар барысты Embraer 190-Е2 келді (фото)
14 желтоқсан 2018, 12:58 2244

Қар барысты Embraer 190-Е2 келді (фото)

Қар барысты Embraer 190-Е2 келді (фото) Сурет: Қанат Ердәулетов

Бүгін Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы аумағында ТМД бойынша алғаш рет Қазақстан қолданысқа қабылдаған Embraer 190-Е2 ұшағы таныстырылды.

Авиациялық-техникалық орталықта өткен тұсаукесер барысында «Эйр Астана» компаниясының президенті Питер Фостер айтқандай, жаңа Е2 ұшағы АеrСар компаниясынан операциялық лизинг аясында алынатын 5 әуе лайнерінің бірі саналады. Қалғандары келесі 2019 жылы келіп жетпек. Атап өтерлік жайт, барлық әуе көліктері тікелей Бразилиядағы өндіруші зауыттан әкелінуде.

Әлемдегі ең үнемді, дыбысы төмен және техникалық сипаттамалары жақсартылған ұшақтар қатарынан саналатын Embraer 190-Е2 елімізде 2011 жылдан бері пайдаланылып жатқан Embraer 190 орнын баспақ. Сарапшылар жолаушылардың да жайлылығы арта түсетініне сендіруде.

Жаңа буындағы ұшақтың тұмсығында арнайы тапсырыспен қар барысы бейнеленген. Мұндағы мақсат – адамдарды қар барыстарын қорғауға, айнала табиғатты аялап ұстауға шақыру.

Ұшақ командирі, аспан әлеміндегі еңбек жолын сонау 70-ші жылдары Атырау өңірінде бастаған Серік Жұмағалиев өзі мен қарамағындағы пилоттардың аталған әуе кемесі үлгісіне шетелде оқып келгенін жеткізді.   

«Бұл көк тұлпары қазіргі заман талабына сай адамның ұшқыр қиялының түгел қырын қамтыған десем, қателеспеспін. Күш-қуаты, құрылымы мен динамикасы, техникалық жақтары мен басқару оңтайлығы, бәрі ойдан шығып отыр. Бұрынғы ұшақтармен салыстырғанда жанармайды көп үнемдейді. Шуы да аз. Ан-2-ден бастап жиналған тәжірибемді 60 жастың белесінде бүгінгі ұрпаққа табыстауды мұрат еттім. Мысалы зейнетке аттанғанша біреуінің қызметіне 5 жыл және 22-дегі екіншісінің еңбек еткеніне 1 жыл ғана болған шәкірттерімді баулымаққа қасыма алдым».

Embraer 190-E2 Қазақстаннан бөлек, Ресей, Орталық Азия, Кавказ және Қытай елдеріне сапарға жарамақ. Оның бірінші рейсіне отыру бақыты 2018 жылдың 19 желтоқсаны Астана-Алматы бағытында ұшатын жолаушыларға бұйырмақ.

Сонымен Embraer 190-E2 дегеніміз, қос қозғалтқышы бар, тар фюзеляжді, реактивті жақын және орта қашықтықта 5300 шақырымға ұша алатын ұшақ. Бұл E190-ға қарағанда 1000 шақырымға артық. Салонға 108 орындық орнатылған, сымсыз көңіл көтеру жүйесі жұмыс істейді. Айтпақшы бір қатарда 2 креслодан ғана қойылған, яғни үшінші орындықтың жоқтығы аяқты созып еркін отыруға мүмкіндік бермек.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: